Ғылыми және философиялық кітаптарды қалай оқу керек?

Осыған дейін Мортимер Адлер туралы айтқанбыз және қиын кітапты оңай оқу жолын да талқылағанбыз.  

https://bilimpaz.kz/2021/10/08/қиын-кітапты-оңай-түсінуге-бола-ма-мор/

Оған қоса «Көркем әдебиетті қалай оқу керек?» және «Тарихи кітаптарды қалай оқу керек?» мақалаларында да Мортимер Адлердің ойын ары қарай жалғастырдық.

Ал бүгін Мортимер Адлерден келесі кеңес:  Ғылыми және философиялық кітаптарды қалай оқу керек?

Ғылыми кітаптар объективті шығармаға жатады. Олардың басты қиындығы ғылыми дәлелдеулерде. Күнделікті өмірде байқалмайтын құбылыстар туралы жазылғандықтан, осындай кітаптарды толық түсіну үшін оқырманның жеке зерттеу тәжірибесі болғаны өте пайдалы. Бұл жағдайда кеңейтілген оқу, қосымша әдебиетке жүгінуді ғана емес, сонымен қатар зертханаға немесе мұражайға бару да қажет.

Егер сіз философияны оқып жатқан болсаңыз, онда осы білім саласындағы кітаптарда сіз қарапайым тілден алынған, бірақ ерекше мағынада жиі қолданылатын терминдерге назар аударуыңыз қажет. Философияда шешілмеген немесе тіпті шешуі жоқ сұрақтар көтеріледі. Оқырманның міндеті –  өзіндік көзқарасты дамыту.

392
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *