Ұсынылып отырған слайдтар «Оқыту қазақ тілінде емес жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған «Қазақ тілі» оқу бағдарламасына (2010 ж.) сәйкес дайындалды.

Аталған бағдарлама авторлары (Оразбаева Ф.Ш., Аяпова Т.Т., Дәулетбекова Ж.Т., Рахметова С.Р., Мадиева А.Т., Рауандина А.Қ., Қалиакпар Д.Қ., Қадашева Қ.Қ.) «Шетел тілдерін деңгейлеп меңгертудің еуропалық жүйесінде» белгіленген тілді игерудің 6 дейгейі мен олардың сипаттарының негізінде, Қазақстан Республикасының өзге тілді жалпы білім беретін мектептерінің 1-11сыныптарында қазақ тілін үйретудің 5 деңгейлі құрылымының айқындалғанын, соған сәйкес оқушының білім, білік, дағдылары бастауыш мектеп жүйесінде тілді меңгертудің 5 деңгейінің ішкі құрылымдық ерекшеліктеріне сәйкестендіріліп жіктелгенін, атап айтқанда: 1-сынып – қарапайым деңгей(бастапқы игерім), 2-4-сыныптар – бастапқы деңгей-А1 (А1.1 – бастапқы ілгері игерім; А1.2 – бастапқы терең игерім; А1+ – бастапқы терең толық игерім) болып екі деңгейге ажыратылғанын атап көрсетеді. Сонымен қатар сіздер 5-9, 10-11 сыныптарға қандай деңгейлер сәйкес келетінін көре аласыздар.

PS: «Қазақ тілін оқыту: жетістіктер мен жаңа даму бағыттары» Республикалық ғылыми-әдістемелік конференциясының (12 қазан, 2011) жинағында жарияланған «Оқушылардың тіл меңгеру деңгейін анықтауда сөйлеу әрекетінің түрлерін бір-бірімен байланыстыра қамтитын тапсырмалар жүйесі» мақаласынан (авторлары Хазимова Ә.Ж., Салыхова Б.О.) алынды.

2354
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *