Қысқа метражды фильмдер сізге ұнай ма? Мен жиі-жиі көріп тұрамын.

Бірақ қазақша емес, өкінішке орай. Қазақша сапалы қысқа метрлі фильмдердің көбеетін кезеңі де жақындап қалған болар, соған сенейік. Олар шығып әрбір екінші адамның аузында жүргенге дейін, өзіме ұнаған қысқа метрлі фильмдерге шолу жасап, оларға сілтеме бере берейін. Бұның да біреуге пайдасы тиер. Болашақта осы тақырыпта онлайн курс жасаймын.

Бүгін орыс тілінде шыққан «Сұхбат (Интервью)» (2018) фильмі туралы айтып берейін. Бұл қысқа метражды фильм ең үздік деп танылып «Золотой Орел» кинопремиясын және Кинотавр фестивалінің сыншыларынан диплом алған. Басты рольдерде: Алексей Серебряков, Марина Васильева және Юлия Ауг. Режиссері: Иван Соснин.
Фильмде анасы ғана тәрбиелеп өсірген Соня аяқ астынан әкесімен кездескісі келіп, интернеттен ақпарат тауып, әкесінің үйіне барады. Әкесімен сұхбатқа келдім, журналистпін деп танысады.

Соня әкесіне он сұрақ қояды. Әкесінің реакциясы мен жауабын тыңдау үшін 17 минуттай уақытыңызды бөліңіздер.

Адамның жады өте қысқа және қажет емес ақпаратты ыңғайлы болу үшін өшіріп тастайды, болмағандай, жоқ нәрсе сияқты қабылдайды. Бірақ қанша елегің келмесе де бала кезіңде туындаған сұрақтар маза бермей бір күні оның жауабын іздеуге шыққызады. Сол жауапты есту үшін жас болсаң да мықты болуың керек, ешкімді кінәламай, басқа өмір мен отбасының шырқын бұзбай, сұрақтарыңа жауап табу және кешіре білу немесе біраз уақытқа бұл мәселенің шешімін жылжытып қою да күш жігерді талап етеді. Көңіл-күйін, эмоциясын ұстай алған күшті жас пен ешнәрсені өзгерткісі келмейтін не өзгерте алмайтын тәжірибелі, өмір көрген адамның қайсысы мықты? Мықтыны іздеу қажет пе?

Бұл қысқаметражды фильм 3 күнде түсіріліпті. Бірақ қанша адамның жүрегін дір еткізгенін, көзіне жас алдырғанын білмеймін. Осындай ерекше туындыны жасай алатын, сезе алатын, көрсете алатын талантты адамдардың болғаны қандай жақсы. Өнер, әсіресе кино өнері кітап сияқты адамдарды алаңдататын, уайымға салып күйзелтетін сұрақтарына жауап беруі керек, үлгі бола алуы керек, тіпті үлгі болмаса да ой салып, жағдайға сәйкес әрекет етуге, ақыл қосып, дұрыс шешім қабылдауға кішкенен болса да әсер етуі керек. Осы жағынан дүние жүзі киносында жақсы фильмдер баршылық, ұлтыңа, заманға, шығарылған жылына байланыссыз әсер етіп, жүрегіңде бір үміттің оянуына септігін тигізетін фильмдердің бар екені қуаныш сыйлайды. #bestshortfilm #bilimpazkz #bilimpaztv #bakytgulsalykhova @bakytgulsalykhova

555
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *