Аудиокітапханамызда жарияланып отырған келесі Әңгіме: «Тасбақалар шежіресі» деп аталады. Авторы Сейітқұл Оспанов.

Осы әңгімені оқу не тыңдау барысында тыңдармандар не оқушы балалар түрлі жаңа немесе түсініксіз сөздер кездестіруі мүмкін. Солардың біразын қарастырайық.

Баялыш.

«…бір түп дәу баялыштың бұтақтары сытырсытыр қозғалғанын байқап қалды.» деген сөйлемнен біз БАЯЛЫШ ағаш екенін түсінеміз. Бірақ бұл қандай ағаш? Түрін, сипатын білесіздер ме?

Энциклопедияда былай түсіндіреді:

Баялыш (Salsola arbuscula) – алабұталар тұқымдасының сораң туысына жататын бұта. Қазақстанда Каспий, Арал теңіздері маңында, Маңғыстауда, Бетпақдалада, Қызылқұмда, Мойынқұмда, Қаратауда кездеседі. Биіктігі 40 – 100 см. Ақшыл сұр қабықты, ретсіз бұтақтанған сабағы бар. Тықыр немесе қысқа қылтанақты жапырақтары  кезектесіп орналасқан. Гүлшоғыры масақ тәріздес, қызғылт түсті келеді. Шілде – қыркүйек айларында гүлдейді. 

Баялыш шөлді аймақтарда мал азығы және отын ретінде пайдаланылады.

Мәриям шөп

Мынау дерек таптық: «Тасбақа інінен шыққанда, ауызына шөп тістеп шықса, онда күн мен түн теңелді әрі күн жылынады дегенді білдіреді. Бұл шөпті халық мәриям шөп деп атап кеткен».

Қапелімде

Әңгімеде «Қапелімде сасып қалды» деген жолдарды оқысыз.

ҚАПЕЛІМДЕ — сөз табы жағынан қарасақ — үстеу, мағынасы «Кенет, тосыннан, жөпелдемеде.»

Яғни, аяқ астынан, күтпеген жерден болған жағдайға қалай жауап берерін білмей қалды.

Тажал

Тажал — бұл әңгімеде тажал деп тасбақаны атап тұр. Негізінде, сөздіктерге қарасаңыз:

ТАЖАЛ — Діни наным бойынша ақырзаман болғанда шығады-мыс делінетін аждаһа.

Яғни, Бекет үлкейіп кеткен тасбақадан қорқып, оны аждаһа сияқты көреді.

Басқа да сөздерді табу үшін, алдымен әңгімені мұқият тыңдап шығыңыздар.

1130
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *