Өз өміріңіздің «жоспарын» неден бастау керек?

Әрбір адам өмірін жоспарлауға тырысады және тақырыпта көрсетілген «Өз өміріңіздің «жоспарын» неден бастау керек?» деген сұрақты қоятыны сөзсіз.

Әрине, ең жақсысы, өзіңді зерттеуден бастау керек!

Өзіңізге сырттан қараңыз. Ең күшті және әлсіз жақтарыңызды бағалаңыз. Оларды қағазға тізім ретінде жазып, ақылмен қолдануға тырысыңыз.

Есіңізде болсын, кемшіліктеріңізді жоюдан гөрі өз артықшылықтарыңызды күшейту әлдеқайда тиімді. Бұл шарт, әрине, кемшіліктеріңіз өміріңізге кедергі келтірмейтін жағдайда ғана жұмыс істейді.

Кәсібіңіздегі, бақ-байлық табудағы, қарым-қатынастағы қол жеткізгіңіз келген мақсаттарыңызды қағаз бетіне жазыңыз. Әрқашан жоспарланған іс-әрекеттеріңізді осы мақсаттарға сәйкес бағалаңыз.

Мақсатқа жету жолы қарапайым бола бермейді, әсіресе оған сіздің дағдыларыңыз жеткіліксіз болса.

Сіз білмейтін дағды мен жоғарыда аталған кемішіліктер екі түрлі нәрсе екеніне назар аударыңыз.

Мақсатқа жету үшін сізге қандай дағдылар қажет екендігі туралы ақпарат табыңыз, осы дағдыларға қол жеткізу әдістерін іздеңіз (ғаламтор, кітаптар, курстар, тренингтер).

Жаңа дағдыларды дамытуды жалпы жоспардың бір бөлігі ретінде жазып қойыңыз.

Есіңізде болсын, жалпы жоспардың болмауы зиян, алайда жедел жоспарлауды да ұмытпаңыз және де оны үлкен жоспардың құрылымына енгізіңіз.

Жоспар — орындалмайтын болса ешкімге керек емес бос нәрсе! Жоспардың орындалуын алдыңызға қойған мақсаттарға сәйкестігі тұрғысынан бағалап, өзіңізге кері байланыс беріп отыруыңыз қажет. Бағалау қажеттілігі алдауға жол бермеу үшін, жоспарды орындау басталмай тұрып, бағалау принциптерін бекітуді білдіреді.

Мінекей, сіздің алдыңызда табысты жоспарлаудың барлық бөлімдері бар:

өз мүмкіншіліктеріңіз туралы ақпарат,

сізге қажет құралдардың тізімі,

өсіп-өркендеу бағыты және

бағалау әдістері.

Енді барлығын қағазға түсіріп алып, арманыңызды орындау ғана қалады.

Оған қоса сайтымыздағы түрлі мақалаларды да оқып, идея алыңыз. Мысалы, мына мақала сізге ұнайды деп сенеміз.

413
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *