Сіз өз өміріңізді ұйымдастырудың 10 қадамы, 20 не 30 қадамын жасағыңыз келе ме, қалай болғанда да бұл кеңестерге құлақ ассаңыз өміріңізде тыныштық пен тәртіп көбірек болары сөзсіз.

Өзіңіздің жүйеңізді құрап көріңіз.

1. Күн тәртібіңізге пайдалы әдеттер енгізіңіз

Өз өміріңізді ұйымдастырудың 10 қадамы, әрине адам бойында бар әдеттерден басталады. Біздің әдеттеріміз әрекеттерімізді анықтайды. Пайда әкелмесе де кейбір әрекеттерді біз инерциямен жасаймыз. Не істеп үйреніп қалғаныңыз туралы ойлап көріңізші.

Пайдалы әдеттерЗиян әдеттер
8 сағат ұйықтау5 сағат ұйықтау
Ұйықтар алдында бір сағат кітап оқуКешкі уақытыңызды сериал көруге және әлеуметтік
желілерде отыруға жұмсау
Жексенбі күні алдын ала тамақ дайындап қоюЫлғи фастфуд тамақ жеу
Туғандарыңызбен сөйлесуге уақыт бөлуҚарым-қатынас пен тілдесуден қашқақтау
Жұмыс пен қалған өміріңіз арасында шекара қоюКүш қалмайынша жұмыс істеу

Осы әрекеттердің қайсысы пайдалы, қайсысынан бас тартқан дұрыс және мақсаттарыңызға жету үшін қандай әдеттерді дамыту керектігін талдап көріңіз. Жаңа әдетті нығайту үшін, оның не үшін қажет екенін түсініңіз. Бұл оны ұстануды жеңілдетеді.

Содан кейін олардың негізінде күн тәртібін жасаңыз. Мысалы, жақсы формада болу үшін таңертең жаттығу жасау. Ұйықтар алдында жақсы ұйықтау үшін бір-екі сағат бұрын телефонға қарамау. Демалыс күндері жақын адамдармен қарым-қатынас жасауға немесе жағымды эмоциялармен зарядталатын хоббиге уақыт табу. Мұның бәрі сіздің қажеттіліктеріңізге байланысты. Ең бастысы, мұндай кестемен мотивацияның жетіспеушілігін, жалқаулықты және қажетсіз алаңдаушылықты жеңу оңайырақ болады.

2. Жоспарлаңыз

Өмірді, әрине, болжау мүмкін емес, бірақ аздап жоспарлау зиян тигізбейді. Бұл сіздің істеріңізді ұйымдастыруға және өзіңізді қажетсіз уайымдардан құтқаруға көмектеседі. Мұны істеу үшін сізге күнтізбе және кез келген тапсырма менеджері қажет.

Күнделікті және апталық әрекеттерді жоспарлауға және оларды күнтізбеге қосуға уақыт бөліңіз. Бірнеше күннен кейін презентация жасау керек делік. Сіз оны күнтізбеңізде белгіледіңіз. Енді қалған уақытта не істеу керектігін есептеп, тапсырмалар менеджеріндегі қадамдарды жазыңыз. Қажет кезде ол сізге еске салады. Міне, тағы бірнеше пайдалы кеңестер:

  • Кір жуу және үй тазалау сияқты кішкене нәрселерді де тізімдеңіз, әйтпесе олар жинақталып қар көшкініне айналады.
  • Алдағы аптаны жоспарлауға бір сағат бөліңіз. Мысалы, жұма кешке немесе дүйсенбі күні таңертең.
  • Тапсырмаларға көбірек уақыт беріңіз. Біз әдетте оны тез орындай алатындай сезінеміз және бұл жиі қайталанады.
  • Мүмкіндігінше барлығын күнтізбеңізге енгізуге тырыспаңыз. Есіңізде болсын, мәселе үнемі жұмысбасты болуда емес, стрессіз өмір сүруде.

3. Бейімділіктеріңізді ескеріңіз

Өмір мен әдеттерді ұйымдастыру өзіңізге қарсы зорлық-зомбылық жасауға айналып кетпеуін қадағалаңыз. «Мен күн сайын таңғы бесте тұруым керек», «Мен вегетариан болуым керек», «Мен енді фильм көрмеймін» — егер сіз түн ортасында жақсы жұмыс істейтін үкі болсаңыз, жақсы стейк жемесеңіз өмір сүре алмасаңыз және фильм көру демалуға көмектесетін болса, мұны ұстану өте қиын. Шынайы болыңыз және бейімділіктеріңізді ескеріңіз.

Ол барлық салада пайдалы болады. Мысалы:

  • Үтіктеуді жек көрсеңіз — қыртысы жоқ материалдардан тігілетін заттарды сатып алыңыз.
  • Спортзалға баруды ұнатпасаңыз, командалық спорт түрімен айналысып көріңіз.
  • Кітап оқуды ұнатпаңыз — білім беру подкасттарын тыңдаңыз немесе деректі фильмдерді қараңыз.

Бұл өзіңізді жек көретін нәрселерді жасауға мәжбүрлеуге жұмсалатын уақыт пен күш-жігерді үнемдейді.

4. Мінсіз болуға емес, жүйелілікке ұмтылыңыз

Біз көбіне «бәрі немесе ешнәрсе» принципіне сүйеніп, күтілетін нәтижені асыра бағалаймыз. Ал олар ақталмаса, біз бастаған ісімізден мүлде бас тартамыз. Мұның қайталанбауы үшін біртіндеп ілгерілеудің артықшылықтарын еске түсіріңіз. Идеалға жете алмаймын деп қорқып ештеңе жасамағанша, үнемі бірдеңе жасап, аз-аздан дамып отырған абзал. Мұны істеудің бірінші қадамы — сіздің өміріңізге сәйкес келетін нақты жоспарлар жасау. Мысалы:

Шынайы жоспарлар Шынайы емес жоспарлар
Аптасына үш рет жаттығу жасауКүнде жаттығу жасау
Аптасына бес сағаттан артық сериал көрмеуСериалдарды көруді қою
Үйден тыс жерде аптасына бір рет қана тамақ жеуЕшқашан кафеде тамақ жемеу
Табыстың 30% жинауТабыстың 80% жинау
Аптасына үш рет балалармен саябақта серуендеуБалалармен күнде саябақта серуендеу

Шынайы емес жоспарлар сөзсіз көңіл-күйіңізді түсіреді және орындалмағандықтан ұят пен ұялу сезімін әкеледі. Сондықтан, біртіндеп ілгерілеуге және шынайы мақсаттарға ұмтылыңыз.

5. Тепе-теңдікті іздеңіз

Біз бәрін қайта жасауға тырысқанда, тепе-теңдік бұзылады. Мысалы, біз төсекке жатудың орнына жұмыста отырамыз. Демалыс күндері босаңсудың орнына, емтиханға дайындалумен өткіземіз. Бұл істердің қысқа мерзімде мағынасы бар, бірақ егер сіз осылай жалғастыра берсеңіз, жағымсыз салдары болады: стресс, күйіп-пісу, апатия. Ұзақ мерзімді перспективада тұрақтылық туралы ойлауға тырысыңыз.

  • Түнге дейін жұмыс істеп, өзіңізді шаршатпаңыз.
  • Физикалық белсенділікті назардан тыс қалдырмаңыз. Бұл денсаулыққа да, көңіл-күйге де пайдалы.
  • Медитация жасауға, күнделік жазуға немесе алғыс сезімін дамытуға тырысыңыз.
  • Отбасыңызбен және достарыңызбен уақыт өткізіңіз.
  • Жалғыз қалыңыз, өзіңізге уақыт бөліңіз.
  • Ұйқыңызды қандыруға тырысыңыз.

Бір күн ішінде үзілістер жасауға тырысыңыз, ол сізге дем алуға және босаңсуға мүмкіндік береді, жылда келетін жұмыс демалысы туралы да ұмытпаңыз. Жүмыстан жылына кем дегенде екі рет демалыңыз. Мұндай демалыстар сізді қуаттандырады және барлық салада өзіңізді жақсырақ және тиімдірек сезінуге мүмкіндік береді.

6. Артықшылықты (приоритет) анықтаңыз

Маңызды нәрсеге уақыт табу үшін, басқа бір нәрсеге «жоқ» деуіміз керек. Сіз үшін не маңызды екенін ойланыңыз. Содан соң күнді де жоспарлау оңайырақ болады. Мысалы:

Өте маңыздыМаңызды емес
Мақсатқа жақындататын нәрселерСізді мақсаттан алшақтататын нәрселер
Сіздің «данышпандық аумағыңыз» (талант пен дағдылар)Басқа адамға тапсыруға болатын нәрселер
Сізді бақытты ететін нәрселерСізді уайымдататын немесе сізге бәрібір нәрселер
Өте маңызды міндеттерМаңыздылығы төмен міндеттер
Өсу мен оқу мүмкіндіктеріБұрыннан бар мүмкіндіктер

7. Артық нәрседен арылыңыз және процесті жеңілдетіңіз

Өмірдегі тәртіпсіздік көбінесе тым көп заттармен, істермен және ойлармен байланысты. Сондықтан оны ұйымдастырған кезде мынаны есте сақтаңыз: азырақ дегеніміз көбірек.

1. Физикалық кеңістікті тазалаңыз:

  • Киімдерді жүйелі түрде сұрыптап, қажетсіздерін тастаңыз. Қарапайымдылық үшін капсула гардеробына көшіңіз.
  • Мазасыздықты болдырмау үшін жұмыс аймағыңызды тазалаңыз.
  • Үйдегі заттардың санын азайтыңыз. Енді пайдаланбайтын заттарды сатыңыз, қайырымдылыққа немесе қайта өңдеуге беріңіз.

2. Цифрлық кеңістігіңізді тазалаңыз:

  • Күнтізбеңізді үнемі тексеріп отырыңыз және маңызды емес шаралардан бас тартыңыз.
  • Тапсырма менеджерін ретке келтіріңіз: жасағаныңызды мұрағатқа жіберіңіз, істегіңіз келмеген нәрселерді жойыңыз.
  • Компьютердің жұмыс үстелін тазалаңыз және оны қажетсіз заттармен толтырмаңыз.

3. Ментал (Психикалық) кеңістігіңізді тазалаңыз:

  • Маңызды идеялар мен ойларды басыңызда ғана ұстамау үшін, жазып қойыңыз.
  • Реніш пен наразылықта оқшауланбау үшін қиын әңгімелерді кейінге қалдырмаңыз.
  • Жүйкеңізді қобалжытатын ойлар немесе қандай да бір жаман ойға батқан кезде медитация жасаңыз немесе серуендеңіз

8. Прогрессті бақылаңыз

Осылай сіз ненің жұмыс істеп, ненің нәтиже бермейтінін көресіз. Сөйтіп мақсатқа жетуге көмектесетін нәрселерге көп уақыт бөліп, нәтиже әкелмейтін нәрседен бас тарта аласыз. Оған жеткізетін бірнеші жол бар:

  • Күнделікті ревизия жасау. Өткен аптаны және жетістіктеріңізді, тізімнен артық нәрсенің бәрін сызып тастау.
  • Мақсат пен негізгі нәтижелердің жүйесі (Objectives and Key Results, или OKR). Ол кез келген мақсатты нақты тұжырымдауға және оның жүзеге асуын бақылауға көмектеседі.

9. Жұмысты автоматтандырыңыз

Әдеттер шешім қабылдауды автоматтандырады, ал технология қайталанатын тапсырмаларды автоматтандыра алады. Бұл уақыт пен күш-жігерді үнемдейді.

Қосымша, сайт немесе құрылғы сіздің қандай қайталанатын тапсырмаларыңызды орындай алатынын ойлап көріңіз. Мысалы:

  • Жеке қаражат: төлем жасау, қайталанатын төлемдер, инвестиция.
  • Жұмыс: хат жіберу.
  • Үй: робот‑шаңсорғышпен еденді тазалау.

10. Эксперимент жасаңыз

Ұйымдастырушылық қабілетіңіз болуы аяқ астынан істелетін істерді жоққа шығармайды және барлық жаңадан бас тарту керек дегенді білдірмейді. Кейде бірдеңе жұмысын тоқтатады немесе сіз жай ғана жалығасыз. Бұл жағдайды қайта қарауға және тәжірибе жасауға тамаша уақыт. Мысалы:

  • Жаңа жобаларды (немесе жаңа жұмыс орындарын) іздеңіз.
  • Жаңа жаттығу немесе спорт түрін қолданып көріңіз.
  • Жаңа хобби табыңыз.
  • Жаңа адамдармен танысыңыз.
  • Өнімділіктің жаңа әдісін қолданып көріңіз.

Эксперимент сіздің өміріңізді жаңа түстерге бояйды және тоқыраудан шығуға көмектеседі.

Өз өміріңізді ұйымдастырудың 10 қадамы сізге пайдалы болып, жаңа ойлар мен жетістіктерге жетелей берсін.

Дайындаған Бақытгүл Салыхова

506
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *