Өміріңізді өзгертетін 10 күтпеген ереже

Кәсіпкер және жазушы Крис Десси мотивацияны, энергияны және өмірден алатын ләззатты күрт арттыратын шешімдермен бөліседі

Мезі болған заттар сізге көмектеспейді.

Мен мұны өз басымнан өткізгендіктен білемін. Олар тек көңіліңізді қалдырады.

Әрекет етіңіз! Бүгінгі күнмен өмір сүріңіз! Өзіңізді ынталандырыңыз!

Жоқ, мені өмірімді қалай түбегейлі жақсартуға болатыны көбірек қызықтырады. Нақты мотивацияны қалай ұстап тұрамын? Гипер тиімділікті қалай сақтаймын? Жұмыста қалай бақытты боламын? Өзімнің жеке басымдағы ең тартымды жақтарымды дамыта отырып, шынайы қанағаттануға қалай жетемін?

Осы сұрақтарға жауап іздей отырып, сіздің өміріңізді түбегейлі жақсарту үшін күн сайын ұстануға болатын күтпеген 10 ереже ұсынып отырмыз:

1. Бір нәрсені «қалай» жасаймын деп уайымдамаңыз

Төрт жыл бұрын мен Silverback Social агенттігін ашқанда, көп ойланбадым, жай ғана агенттік аштым. Мен тек әлеуметтік медиамен жұмыс істейтін digital-агенттікті құрғым келетінін білдім. Мен мұны қалай істеу керектігін білмедім, түсінігім де болған жоқ.

 Мен қазірге дейін агенттіктің көптеген тапсырмаларынан «қалай» деген сөзді сызып тастаймын. Біз өркендеуді жалғастырып, жоғары өнімділікке қол жеткізудеміз, әр жұмыста озып шығып, марапаттарға ие болып, өте қызықты клиенттермен жұмыс жасаймыз.

«Қалай жасаймыз» деген сұраққа уайымдау сізді дүрбелеңге салады. “Неге істейміз?” сұрағына нақты жауап тауып, “Қалай істеу керек?” деп сұрауды  қойыңыз.

2. Өзіңізге тура келіп, жарасып тұрған киімге ақша салыңыз … Иә, мен мұны қалжыңсыз айтып тұрмын…

Менің барлық жейделерім мен костюмдерім тапсырыс бойынша жасалған. Бұл сондай таңқаларлық іс емес. Тапсырыспен жасалған киімдерге де белгілі бір фирманың киімдерінің сатылымындағы бағасындай ақшаға тапсырыс беруге болады. Тек қана өлшеу жасалғаннан кейін тапсырыстың келуін күту керек.

Сізде денеңізге тура келетін жақсы киім болса, өзіңізді керемет жайлы сезінесіз. Егер сіз өзіңізді жайлы сезінсеңіз, сіз жақсы жұмыс жасайсыз. Оған қоса жағдайға сай жейде таңдаумен байланысты таңертеңгі күйзелістен арыласыз, бұл психикалық энергияңызды сақтайды.

Мен шкафтан кез-келген жейдені алғанда, ол маған тура келетінін білемін, күні бойы өзімді керемет сезініп, түр-әлпетім де керемет болатынын сеземін. Бұл, әрине, мақтаншақтық болып көрінуі мүмкін, бірақ менің ойымша, осы әрекетім маған жұмысымды үздік жасауға көмектеседі.

3. Медитация жасаңыз

Медитация күйзелісті азайтуға, мәселеге ойымызды жақсырақ шоғырландыруға және бақыт сезімін арттыруға көмектеседі. Бірақ медитация жасау үшін барлық заттарыңды сатып, үңгірде тұрудың қажеті жоқ. Медитация түрлі болуы мүмкін.

Сіз бүгін қолыңызды жуып тұрғанда, аздап баяулаңыз, қолыңызды қалай жуатыныңыз туралы ойланыңыз. Суды сезініңіз. Сабынның хош иісін сезіңіз. Рахаттаныңыз. Міне, сіз медитация жасадыңыз!

Сіздің ойларыңыз бен сезімдеріңіз әлі өзіңіз емес екенін ақылмен түсініңіз. Өзіңіздің ойланып отырғаныңызды қабылдау – бұл өзіңізді осы ойдан ажыратудың күшті әдісі.

4. Биік үстел сатып алыңыз

Біз бәріміз күні бойы қозғалмай отырудың қаншалықты жаман екені туралы жаңалықтарды оқып, күңкіл әігімелерді естідік. «Бұл темекі шегуден де жаман» және т.б. пікірлер айтылады. Менің ойымша, тік тұрып жұмыс жасауға мүмкіндік беретін жаңа биік үстелім саулыққа әкеледі. Күні бойы отырып жұмыс істеудің баламасы бола алады.

Дегенмен, бұл жерде оны асыра бағалауыңыз да мүмкін екенін түсінуіңіз керек. U.S. News Health журналы кейбір жағдайларда биік үстелдердің пайдасынан гөрі зияны көп екені туралы жазады. Оның мәні неде? Күні бойы бір орында тік түруға да болмайды. Күні бойы әртүрлі қалыпта болуға тырысыңыз: отырыңыз, тұрыңыз, жүріңіз, жүгіріңіз, жаттығу жасаңыз. Атап айтсақ, кейбір тапсырмаларды отырып жасаған жақсырақ екенін де еске салайық.

5. Электронды құрылғыларды үнемі қолданбаңыз

Мен электронды құрылғылардың балаларыма тигізетін әсеріне алаңдаймын. Бұл мәселені шешудің ең жақсы тәсілі –  ешқандай қондырғысыз ойналатын ойындарға уақыт бөлу. Яғни мен де осы уақытқа өз iPhone-нымнан бас тартамын деген сөз.

Менің қыздарым 8 және 5 жаста. Жақында менің 5 жасар қызым менімен бірге гольф ойнауға бел буды. Оған ол өте ұнады. Біз екеуміз ғана болдық және мен басқа нәрселерге алаңдап, көңіл бөлмедім.

Бір уақытта мен оның ойынын суретке түсіріп алу үшін қолымды смартфоныма созғанымды сездім. Бірақ суретке түсірудің орнына осы сәттен ләззат ала бастадым. Бізге өмірдің әр сәтін құжаттаудың қажеті жоқ. Сол күні 8 жасар қызыммен би кеші болды. Біз би билеп, Битлз әндерін шырқадық. Шырайналып билеп, әндетіп, күліп кешті әдемі өткіздік.

Бұл үшін ешқандай электроника қажет емес. Қыздарым туралы менің жеке естеліктерім осындай болды. Осы туралы ойлағанда жүрегім жібиді. Бұл өмірімнің түбегейлі жақсаруы деп санаймын!

6. Ерте тұрыңыз

Мен таңғы уақытты жек көремін. Шын мәнінде. Менің үйлену тойымда ағам сөз сөйлегенде, менің таңертең оятқышпен де ояна алмайтынымды еске алды. Жиналған жұрт ду күлді. Тамаша сәт еді.

Ерте тұрудың пайдасы орасан зор екенін білемін. Мен үшін бұл бірінші кезекте өзін-өзі бақылау мен сабырлықтың белгісі. Ерте тұрғанда мен өз күнімді басқара аламын. Мен үнемі жұмыс істеп алу үшін таңғы 5-те тұрамын. Менің ойымша, осы уақытта ойлау қабілетім ең жақсы болады.

Маған ұнамаса да, мен таңертең гипер-өнімді екенімді білемін. Мен ұйқы циклын қалыптастыруға көмектесетін қосымшаларды пайдаланып, ерте оянуды үйрендім.

7. Көбірек кітап оқу

Кітап оқу мәселелерді шешу дағдыларын жақсартады, сөздік қорын кеңейтеді, тіпті жаңа ойлау әдістерін қалыптастырады. Егер оқуға уақытым жоқ деп ойласаңыз, аудиокітаптарды тыңдаңыз. Егер аудиокітаптар тым жалықтыратын болса, білім беру подкасттарын немесе TED talks қолданып көріңіз.

Шындығында, бұқаралық мәдениет пен қорқынышты жаңалықтардан алшақтау қажет. Өз ақыл-ойыңызды кеңейтіп, миыңызды жаттықтырып, оған күш түсіруіңіз қажет.

8. Өміріңізде кем дегенде бір рет басқа қалада тұрыңыз

Мен 20 жасымда Бельгияның Левен қаласында оқыдым, сонымен қатар 14 елде болдым. Бұл саяхат маған баға жетпейтін нәрселерге үйреніп, серпіліс жасауға мүмкіндік берді. Мен әуежайдан, вокзалдан немесе автовокзалдан керек жеріме дейін жол табуды үйрендім. Мен әр түрлі тағамдарды жеп, әр түрлі діндермен таныстым.

Таным, білім және басқа мәдениеттерді құрметтеу сіздің өміріңізді айтарлықтай жақсартады. Бұл сіздің бизнес пен әлеуметтік байланыстарыңызды кеңейтуге көмектеседі. 26 жасымда мен Лондонда тұрып жұмыс істеуге мүмкіндік алдым. Мен көп саяхаттағандықтан, бұл мүмкіндіктен қол үзбедім. Менің мансабым осыдан кейін басталды, бұрынғыға қарағанда көбірек ақша таптым.

9. Жазыңыз

Ой бөлісу күшті екенін білесіз. Блог бастаңыз немесе әлеуметтік желіде парақша ашыңыз. Мен блогқа алғашқы жазбамды жазып, ақша таптым. Жаңа клиенттер, жаңа жұмыс, теледидардағы жұмысымды табу үшін жазушылықты қолдандым.

Күн сайын жазыңыз, білетін ақпаратыңызбен бөлісіңіз. Егер сіз өз ойыңызбен әлеммен бөліскіңіз келмесе, күнделік жүргізіңіз.

Мен күнделік жүргізуді 19 жасымда Еуропаны аралап жүргенде бастадым. Енді мен қыздарыма ұйықтар алдында ертегілердің орнына жазбаларымды оқып беремін.

10. Өзіңізге осал болуға мүмкіндік беріңіз

Негізінде мен аузым жабылмайтын мылжыңмын.  Кейбір адамдарға бұл тіптен де ұнамайды. Білгіңіз келсе мен ондай адамдармен сөйлескім де келмейді. Мен негізінен сондаймын, сондықтан біреуге ұнамайды екенмін деп өзгермеймін.

Мен блогта отбасымнан бастап, мерт болған досыма дейін жазамын. Өмір мен бизнестегі осалдық, жұрт сенімін тудырады.

Ешқандай жалған сөзсіз, тек қана өз өміріңізді сипаттаңыз. Байқап көріңіз. Тәуекел етіңіз.

Дайындаған Бақытжан Салихов

536
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *