«Помодоро» тәсілі

“Помодоро” тәсілі –  1980 жылдардың соңында итальялық студент Франческо Цирилло ойлап тапқан уақытты басқару әдісі. Бұл әдіс бойынша, адам жұмыс уақытын “помодоро” деп аталатын 25 минуттық бөліктерге бөліп, ал олардың арасында 5 минуттық үзіліс жасауы керек.

“Помодоро” техникасы тиімділік пен уақытты басқару мамандары арасында өте танымал. Ол назар аударуды сақтау, өнімділікті жоғарылату, үлкен жұмыс жүктемесін өңдеу бойынша көптеген ұсыныстарда кездеседі.

Life of Productivity блогының авторы Крис Бэйли “помодоро” тәсілі туралы былай деп жазады:

«Бұл тәсіл өте қарапайым: сіз бір жұмыспен 25 минут бойы айналысып, содан кейін 5 минут үзіліс жасайсыз. Осылай үш рет қайталайсыз. Төртінші реттен кейін ұзақ үзіліс – 25 минут немесе одан да көп жасайсыз.

Бұл әдіс – тиімді,  ол сізді бір жұмысқа шоғырландырады, сонымен қоса  үзілістері демалып, күш жинауға мүмкіндік береді».

Кәсіпкер Крис Уинфилд «помодоро» әдісі көмегімен өмірін өзгерте алды. Енді ол өзіне ыңғайлы уақытта, жұмыс күні мен жұмыс аптасынан тәуелсіз жұмыс жасай алады. «Мен аптасына 35-40 сағатты «жұмысқа» арнаймын, бірақ оның ішінде кем дегенде 20-25 сағат қоңырауларға, кездесулерге, басқаларға өзім туралы еске салуға, тағы сол сияқты аса маңызды емес әрекеттерге жұмсалады. Олардың өз маңызы бар, бірақ мен оны жұмыс уақытына қоспаймын.  Шынымен аптасына мен 16,7 сағат қана еңбектенем, осы уақыт ішінде басқа 25 сағатқа қарағанда бес есе көп жұмыс жасай аламын », — дейді ол.

Дайындаған Бақытжан Салихов

582
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *