Адамдар неге мақсатынан бас тартады?

Мақсатыңыз, арманыңыз үлкен бе еді? Ал енді неге мақсатыңыздан бас тартып отырсыз? Қолды бір сілтей салуға не себеп болды? Ал «басқа адамдар неге мақсатынан бас тартады?» деп ойлайсыз?

Мақсат дегеніміз қол жеткізуге болатын жалпы ойлардың, армандардың жиынтығы. Мақсат, екінші жағынан, жалпы мақсатты орындау үшін орындалуы қажет нақты талаптар. Мысалы, сіздің мақсатыңыз (арманыңыз) жартылай марафон жүгіріп өту. Бұл мақсатқа жету үшін сіз кем дегенде аптасына 3-4 рет жүгіріп, жаттығу жасап, дұрыс тамақтанып кем дегенде үш ай, максимум жарты не бір жыл бойы жүйелі дайындалуыңыз керек.  

SMART деген сөзді естідіңіз бе? SMART (Specific, Measurable, Achievable, Relevant, Time bound) – аббревиатура, яғни қойылған мақсаттардың тиімділігін бағалау критерийлері.

Алғаш рет  SMART-критериилерді қолдануды Питер Друкер (Peter Drucker) ұсынды. Ол тіралы өзінің ”The Practice of Management”, 1954, кітабында ұсынды.

Specifik- арнайы, нақты;

Measurable- өлшеуге болатын, шектеулі талап етушілік;

Attainable- қолжетімділік;

Realistic- шындыққа сай, қысқа да нұсқа берілуі;

Time- белгілі бір уақыт арлығымен шектелген.

Сонымен «Адамдар неге мақсатынан бас тартады?»:

  • Тез нәтиже күтеді.
  • Өз-өзіне сенуден бас тартады.
  • Өткенге өкінумен өмір сүреді.
  • Өз қателіктеріне байланып қалады.
  • Болашақтан қорқады.
  • Өзгерістерге қарсы болады.
  • Тез “қолын суға малады”.
  • Өзін әлсіз санайды.
  • Қоршаған әлем оларға бір нәрсеге борышты деп ойлайды.
  • Табысқа деген ұмтылысқа қарағанда сәтсәздікке деген қорқыныш артығырақ болады.
  • Өзінің барлық мүмкіндіктерін білмейді,
  • Айырылып қалатын заттардың бар екенін сезеді.
  • Өте көп жұмыс істейді.
  • Өз мәселелерін бірегей, ерекше деп санайды.
  • Сәтсіздік олар үшін кері қайту белгісі.
  • Өз өзін аяп, есіркейді.
420
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *