«Балапан» әні

Қоржынымызға тағы бір жаңа балалар әнін салып отырмыз. Бұл ән «Балапан» деп аталады.

Егер қайырмасындағы «Жәй-шәй басқан балапан» деген жолдары ұнамаса (маған да ұнамайды :)), оны «Тәй-тәй басқан балапан» деп өзгертіп айтуларыңызға болады деп ойлаймын. Бұл әннің авторы мен музыкасын жазған адамдарды, өкінішке орай, білмеймін, бірақ ақпаратты іздеп табуға тырысамын.

Сондықтан қатты ұрыса көрмеңіздер 🙂

Бар ойымыз балалар әндерін қолжетімді қылу, осы ән де сіздердің балаларыңызбен бірге айтатын сүйікті әндеріңіздің бірі болады деп сенеміз.

«Балапан» (Орындайтын Аружан Ардақ)

1.Тәй-тәй басқан балапан,
Қошақандай момақан.
Былдыр-былдыр сөйлейсің,
Айтқаныма көнбейсің.

Қайырмасы:

Балапан, балапан
Жәй-шәй басқан балапан
Балапан, балапан
Тәй- тәй басқан балапан

2. Балпаң-балпаң етесің,
Құлай жаздап кетесің.
Ер жеткенде сен ертең,
Мақсатыңа жетесің.

Қайырмасы:

Балапан, балапан
Жәй-шәй басқан балапан
Балапан, балапан
Тәй- тәй басқан балапан

3. Елін сүйер баласың,
Өнер-білім аласың.
Туған жерін қорғайтын,
Сен азамат боласың.

Қайырмасы:

Балапан, балапан,
Жәй-шәй басқан балапан.
Балапан, балапан,
Тәй- тәй басқан балапан!

Глазго, Шотландия

09.12.2014

1889
Share

От bilimpaz

3 комментария для “«Балапан» әні”

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *