Шырша жыры

Сайтымызда балалар әндерін мектептер мен балабақшаларда қолдануға ыңғайлы формада жариялап тұрамыз. Пікірлердің бірінде бір оқырманымыз жаңа жылда айтылатын балалар әндері болса, бөлісуімізді сұрапты. Соның бірі ретінде мына әнді ұсынып отырмыз.

Шырша жыры

1. Кәне, достар, тұрмайық,

Қарсы алайық жыл басын.

Қызықтан бос қалмайық,

Шырша жыры самғасын.

Қайырмасы:

Ал, достарым, келіңдер,

Келді Аяз атамыз.

Биге билеп беріңдер.

Шырша жырын айтамыз.

Шырша жырын айтамыз.

2. Құтты болсын жаңа жыл,

Шыршамыз тұр жараса.

Жанында Аяз ата жүр

Қуанады балаша.

Қайырмасы:

Ал, достарым, келіңдер,

Келді Аяз атамыз.

Биге билеп беріңдер.

Шырша жырын айтамыз.

3. Аппақ қардай береке

Даламызда самғасын.

Жаңа жылдай мереке

Таба берсін жалғасын.

Қайырмасы:

Ал, достарым, келіңдер,

Келді Аяз атамыз.

Биге билеп беріңдер.

Шырша жырын айтамыз.

Екінші ән «Шыршаға бардық» деп аталады.

Глазго, Шотландия

09.12.2014

2745
Share

От bilimpaz

4 комментария для “Шырша жыры”
  1. Сізге үлкен РАХМЕТ! Бақытгүл еңбегіңіз жансын, «Шыршаға бардық» әнін интернетті астын үстіне келтіріп іздеп отыр едім, қатты қуанып қалдым.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *