Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған лайфхактар

Мұғалім өзін бірінші күннен қалай көрсеткені, сабақта өзін қалай ұстағаны, білімін қандай жолмен ұсынғаны — осының бәрі маңызды және оқушылардың сізге деген қарым-қатынасы мен қабылдауына әсер етеді. Сіздерге бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған лайфхактар ұсынамыз. Лайфхактардың көмегімен ең мықты және сүйікті мұғалімге айналасыз деп сенеміз.   

1. Қызықтырыңыз

Бірінші әсер — ең маңызды екенін айтпай-ақ қояйық. Алдымен сырт бейнеңізге мән беріңіз. Бастауыш сынып мұғалімі болсаңыз ашық жағымды түсті киім киіңіз. Киімнің түсі бірден көзге түсетіндей болуы керек, оған қоса жайландырып, жылылық сыйлауы керек. Бірақ «айқайлап тұрған» немесе ашуландыратын, жағымсыз түс болмасын. Түстің басты мақсаты сабырлы ету не көңіл-күйді көтеру, ми әрекетін жандандырып, интеллект пен өзіңізді бағалауға әсер ету.

2. Ым-ишара тілі

Кейде балалар құрбылары мен сыныптастары алдында мұғалімге ьірнәрсе айтуға ұялады. Сондай кезде қолдану үшін арнайы ым-ишара ойлап тауып, оқушыларды үйретіп қойыңыз. Мысалы, бала дәретханаға сұранғысы келеді, бірақ айтуға ұялады. Осыған арналған арнай белгі не болуы мүмкін? «Жұдырығын жұмып шынашағын көтеріп көрсету» дәретханаға сұранудың белгісі болса, қалай қарайсызОсы белгіні көргенде, мұғалім артық сөз айтпастан басын шұлғып балаға рұқсат береді. Осылай істесеңіз, бәрі риза болатынына сенімдіміз.

Оған қоса оқушы тапсырманы жақсы және бірінші орындаса, оған ОК дегенді білдіретін ишараны көрсетіңіз, яғни бас бармақ пен сұқ саусағыңызды дөңгелек етіп, қалған саусақтарыңызды жоғары көтересіз. Осы арқылы балалардың «Мен, мен, мен бірінші болдым» деп айқайы мен шуды басуға да болады.

Тағы бір ишараны айтпасақ болмас: екінші және үшінші саусағыңызды (сұқ бен ортаншы саусағыңыз) V әрпі сияқты көтеріп бір айда бір рет сабақтан еш себепсіз 1-2 минутқа сұрануға рұқсат беріңіз. Осы уақытты ол өзінше қолданса болады, оны да оқушылармен алдын ала талқылап алсаңыздар болады.

3. Мадақтау мен марапаттаудың ерекше жүйесін ойлап табыңыз

Балаларға күн мен түрлі тамшының бейнесі өте жақсы бағалау болады. Осы арқылы олар тапсырманы керемет орындағандарын біледі немесе өздерінің тәртібі, талабы, қызығушылығы жақсы болғанын көреді. Бұл белгілерді дәптерге немесе сыныпта ілініп тұрған бүкіл сыныптың оқушылары жазылған тізім тұрған тақтаға жазуға болады немесе күнделікке жапсыруға болады. Кейде көңілсіз тамшыларды да беруге болады, осы арқылы балалар талапқа сай емес әрекет жасағанын біледі.

4. Сергіту сәті

Сабақта 40–45 минут шыдап отыру қай оқушыға болса да оңай емес. Әсіресе бастауыш сынып оқушыларына қиын. Сондықтан сабақ сайын бес минуттық сергіту сәттерін ұйымдастырыңыз. Бұл сабақтан назарды басқаға аударатын кез келген нәрсе болуы мүмкін. Мысалы:

  • Саусақтарға арналған мини-жаттығу (тіл үйрету сабақтарында өте маңызды);
  • Арқа мен ийыққа арнлаған оңай жаттығулар;
  • Сыныпта ұйымдастырылған жай жүгіру;
  • Ребус, күлкілі жұмбақтар мен сөзжұмбақтар шешу;
  • Басқатырғыштар шеші және т.б.

Бұл бес минутқа созылатын сәттерде тек қана денге қимылдарын емес, сонымен бірге интеллектін дамытуға арналған тапсырмалар беріп отыру керек. Сонжда оқушылар бұл сәтті ассыға күтетін болады.

5. Іс-шаралар өткізу

Шай ішу — сынып жетекшісі өз сыныбында өткізетін іс-шараның бірі. Үш айда немесе жарты жылда бір рет өткізуге болады. Бірақ кез келген мұғалім осы шараға келіп, оқушыларымен бірге шай ішулеріне болады. Ай сайын түрлі жарыстар, қызықты сынып сағаттары мен піндік бәйгелер ұйымдастыруға болады. Мысалы, спорт жарыстары, Қызықты олимпиада, Ақылдылар, Кім? Не? Қайда?, КВН Тіпті танымал телебағдарламаларды негізге алып, өткізуге болады.

Дайындаған Бақытгүл Салыхова

807
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *