Денис Сафрон «Себеп пен салдар» әңгімесі

Аударған Бақытгүл Салыхова

  • Генерал мырза, біз жағайды бұрынғыдай уысымызда ұстап тұрған жоқпыз!
  • Не боп қалды?
  • Азаматтарымыз өзгеріп жатыр…
  • Бұл мүмкін емес!
  • Бірақ шынымен солай болып жатыр! Олар күле бастады.
  • Мүмкін үмітсіздіктен олардың есі ауысқан болар?
  • Жоқ, олай емес! Олар жай ғана баққыттырақ бола бастады.
  • Ал БАҚ қайда қарап отыр? Ол жерде тек қана жаман, қорқынышты жаңалықтар шығып жатыр ғой?!
  • Иә, дәл солай! Бұдан да нашар болуы мүмкін емес.
  • Соған қарамастан адамдардың көңіл-күйі көтеріңкі ме?
  • Көңілдері жайлап көтеріліп жатыр.
  • Ал соғыс ше?
  • Ол туралы тоқтаусыз айтып жатырмыз.
  • Баға ше?
  • Жүйелі түрде көтеріп жатырмыз.
  • Жалақы ше?
  • Ең төмен деңгейде.
  • Дін ше? Жаратқанның уағыздары бар емес пе?
  • Жаратқанның ережелері мен уағыздарын ақшаға сатып алу тым күлкілі.
  • Сонымен? Сонда да күлімсірей ме?
  • Иә, ақылға сыймайды.
  • Адам сенгісіз.
  • Оған қоса, олар бірнәрсе істей бастады.
  • Не?

Ыңғайсыз үнсіздік орнады. Есеп беріп тұрған баяндамашы  бір орнында қипақтап тұр. Сасып, қысылып, әбігерге түсті.

  • Олар бір-біріне көмектесіп жатыр.
  • Не дейсің? Олар сонда бір-бірін бұрынғыдай жек көрмей ме? Қызғаныш пен іштарлық қайда кетті?
  • Олар бір-бірін қызғанып, күндеуді қойды.
  • Ал сендер нарыққа жаңа гаждеттерді шығардыңдар ма?
  • Иә, шығардық. Бірақ оларды ешкім сатып алмайды… Адамдар несие алуды қойды!

Тағы да үнсіздік орнады. Жағдай шиеленісіп барады.

  • Мүмкін, жалақыларын қысқартып тастау керек болар?
  • Иә, бұрын көмектесетін.
  • Әлде бәрін соғысқа жіберейік пе?
  • Мүмкін жаңа вирус шығарып, таратып жіберерміз.
  • Бұлай да болады.
  • Барлығы есеп жазсын, әр істеген жұмысын, әр қадамын сипаттап отырсын.
  • Олар біз бақыттымыз деп жазып жатыр…
  • Мынау өзі не боп барады?

Екінші баяндамашы келді.

  • Мырза, адамдардан айырылып жатырмыз. Олар дәл көз алдымызда қуанып, күліп жүр. Олардың жақсы көңіл-күйлері басқаларға беріліп, жалпы мемлекеттің жағдайына түбегейлі әсер етіп жатыр.
  • Оның салдары қандай блуы мүмкін?
  • Адамдардың жұмысқа деген ынталары артып, өздерінің жасырын жатқан қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашып жатыр.
  • Мысалы, қандай?
  • Өз бетінше әрекет ету.
  • Немене?
  • Олар мемлекетке үміттеніп, арқа сүйеуді қойды.
  • Не дейсің? Сонда олар өздерінің барлық қиындықтарына мемлекетті кінәлап, айыптауды қойды ма?
  • Олар бұл туралы тіпті ойламайды да.
  • Тағы не болып жатыр? Ешнәрсені жасырмай айт.
  • Біздің ауданда күдікті адамдар пайда болды, яғни саналы адамдар шыға бастады. Адамдар бір-бірімен бірігіп жаңа нәрселер жасай бастады.
  • Тағы да жаңа нәрселер ме! деп жұдырығымен үстелді бір түйді.
  • Бұрынғы сұр тартқан ескілік қайда? Ол сондай керемет еді!
  • Сұр тартқан ескілік бұрынғыдай дәріптелмейді.

Үшінші баяндамашы кірді.

  • Мәселе туындап тұр, мырза.
  • Не болды, иттер сөйлей бастады ма?
  • Тауып айттыңыз. Адамдар денсаулықтарына қарап, спортпен айналыса бастады.
  • О-о-о.
  • Оған қоса дұрыс тамақтанып, не жеп жатқандарына мән беріп жүр.
  • Сонда не таза, табиғи тағам әлі де бар ма? Мен мұны қатаң бақылауда ұстаңдар деп ескертіп едім ғой.
  • Барлығын бақылауда  ұстап тұра алмаймыз ғой, мырза.
  • Балалар біздің мектептерге баруды қойды.
  • О-о-о.
  • Сонда оларды кім оқытып жатыр?
  • Өздері. Олар өздерін жаратушы сияқты сезініп жүр.

Тыныштық орнады. Хатшы қыз кіріп, салат әкеліп берді. Ол кетіп қалғанда бастық сөйлей бастады:

  • Темекі саудасын көбейту керек.
  • Ешкім шылым шекпейді.
  • Неге?
  • Енді бұл мықтылықтың белгісі емес.
  • Сонда қалай?
  • Барлығы шығармашылықпен айналысып кеткен.
  • Темекісіз өмір. Шығармашылықпен айналыса ма? Ал арақ-шарап ше?
  • Оны да татып алмайды. Оның орнына су ішеді.
  • Сооолай де.

Ормажапырақты қытырлатып жеп жатқаны естілді. Бастық асықпай жаңа дайындалған салатты жей берді.

  • Енді оларды қалай басқарамыз?
  • Бұл енді мүмкін емес, мырзам… Қорқыныш, жек көру, қызғаныш жоқ, олар тіпті бізді де жек көруді қойған. Мұндай жағдайда біз қауқарсызбыз!

Ұлы диктатор орнынан атып тұрды. «Осындай да түс болады екен», деп ойлап қойды. «Мұндай нәрселердің болуы мүмкін емес екені қандай жақсы ғой, өйткені адам қорқып, жек көріп, қызғанып қана өмір сүреді, сондықтан оларға билік жүргізіп, ылғи да уысымда ұстаймын!»

Денис Сафрон «Себеп пен салдар» әңгімесі

Аударған Бақытгүл Салыхова

28.03.2022

1295
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *