Ең пайдалы жеміс

1. Лимон

Бұл жемісте С дәрумені, лимон қышқылы және флавоноид көп. Соңғысы обыр және жүрек қан тамыр ауруларының алдын алуға көмектесетін антиоксидант. С дәрумені қышқылдану күйзелісінен қорғайды. Бұл зиянды заттар — бос радикалдардың жасушаларды жоюының атауы. Егер олар тым көп болса, онда дене тез қартаяды.

Лимон, әсіресе, жүрекке пайдалы, ол холестерин мен қан қысымын төмендетеді. Лимон қышқылы бүйректегі тастарды емдеуге де көмектеседі.

2. Апельсин

Бір орташа апельсинде С дәруменінің күндік нормасы 139% және 20% клетчатка бар. В тобының дәрумендері — тиамин және фолий қышқылы -да көп.  Апельсин өзінің қасиеттері бойынша лимонға ұқсайды. Алайда зерттеулер бүйректе тас түзілуінің алдын алуға лимоннан гөрі апельсиннің жақсы көмектесетінін атап өтеді. Цитрус жемістері, әсіресе апельсин мен грейпфрут әйелдерде инсульт қаупін азайтады.

Сондай-ақ, жеміс темірдің ішекте сіңуіне көмектеседі, анемияны болдырмайды.

3. Банан

Бір орташа банан құрамында күнделікті қажет калий нормасының 23% бар. Бұл минерал жүректің дұрыс жұмыс істеуіне көмектеседі. Егер калий аз болса, жүрек ишемиялық ауруының қаупі 49%-ға артады. Гипертония, остеопороз және уролития да дамуы мүмкін.

Бананда баяу көмірсулар мен пектин көп, олар қандағы қант деңгейін қалыпты ұстайды. Сондай-ақ, ішектегі пайдалы бактериялар бізді жарадан және ас қорыту жолдарының басқа ауруларынан қорғайтын пектинмен қоректенеді.

Банан өте қоректі және ең жақсы энергия көздерінің бірі болғандықтан жаттығуға алдында жеу керек.

4. Грейпфрут

Грейпфрутта C дәрумені мен калий көп. Бұрын жеміс салмақ тастауға көмектеседі деп айтылатын, бірақ бұл миф. Грейпфрут холестерин мен қан қысымын төмендетеді, сондықтан жанама түрде әсер етеді.

Грейпфрут басқа цитрус жемістері сияқты уролитиядан, жүрек-қан тамырлары ауруларынан және әйелдерді инсульттан қорғайды.

5. Ананас

С дәруменіні көп тағы бір рекордшы жеміс – ананас. Оның бір порциясында күнделікті қажеттіліктің 67% бар. Ананас құрамында марганец пен бромелайн көп. Марганец сүйектерге өте қажет. Зерттеулер көрсеткендей, марганец сүйек қаттылығын жақсартуға көмектеседі, осылайша остеопороз қаупін азайтады.

Бромелайн – бұл қабынуға қарсы және қан ұйығыштарын бұзатын ферменттердің қоспасы. Сондықтан инфаркт немесе инсульт алу ықтималдығы аз. Кейбір ғалымдар бромелайн қатерлі ісіктің алдын алады деп айтады..

6. Авокадо

Басқа жемістерде негізінен көмірсулар көп, бірақ авокадо пайдалы майларға бай. Олардың көпшілігі қабынуды жеңілдететін олеин қышқылы. Авокадо құрамында холестериннің қалыпты деңгейін құстап тұратын және жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін төмендететін бета-ситостерол да бар. Оған қоса авокадо құрамында магний, калий және талшық (клетчатка) көп.

Магний ақуыз синтезі мен энергия алмасуын қамтитын біздің денеміздегі 600-ден астам химиялық реакцияларға қатысады. Минерал әсіресе спортшыларға пайдалы, себебі ол төзімділікті жақсартады.

Жануарларға жүргізілген зерттеулер талшықты ішекте пайдалы бактериялармен қамтамасыз ететінін және салмақты бақылауға көмектесетінін көрсетті. Сонымен қатар ішек қатерлі ісігінің қаупін азайтады.

Бір авокадо құрамында калийдің тәуліктік қажеттілігінің 21% бар. Бұл минерал қан қысымын төмендетеді және инсульт қаупін азайтады.

7. Алма

Алмада талшық, калий, С және К дәрумендері көп.

К дәрумені қанның ұюы мен сүйектің қалыпты дамуы үшін өте маңызды. Aлма антиоксиданттары жүрек денсаулығын жақсартады және 2 типті қант диабеті, қатерлі ісік және Альцгеймер қаупін азайтады.

Алмада сонымен қатар ішекте пайдалы бактерияларды қоректендіретін және ас қорытуды жақсартуға көмектесетін пребиотикалық талшық пектин көп.

Алма біздің миымызға көмектеседі. Зерттеу олардың антиоксидантты кверцетинінің нейрондарды мезгілсіз өлімнен қорғайтынын растады. Тромбоздық инсульттен қорғану үшін де осы жемісті жеңіз.

8. Анар

Анардың негізгі күші антиоксиданттарда. Анарда ол көк шай мен қызыл шарапқа қарағанда үш есе көп. Олар жасушаларды зақымданудан және қартаюдан қорғауға, қабынуды азайтуға көмектеседі.

Зерттеулер көрсеткендей, анар тоқ ішек ісігінің алдын алады және қан қысымын төмендетеді.

Анар шырыны әсіресе қарт адамдарға пайдалы: ол есте сақтау қабілетін жақсартады.

Дайындаған Бақытгүл Салыхова

489
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *