Кевин Келли

Кевин Келли футуролог, Wired журналының негізін қалаушы және бірінші бас редакторы, танымал кітаптардың авторы –  америкалық публицист. Бүгін «Әйгілі замандас» бөлімінде осы танымал автормен танысасыздар.

Кевин Келли 8 кітаптың авторы, оның ішінде «Технология нені қалайды?», «Сөзсіз», «Жаңа экономиканың жаңа ережелері» және «Бақылаудан тыс» кітаптары да бар.

Келли технологияларға бар жанымен сенеді: ол алып технологиялық серпілістер өркениеттің негізін өзгертетініне, ал ойға келмейтін нәрсе үйреншікті нәрсеге айналатынына сенімді. Ол үшін мұндай серпілістер сөзсіз болатын құбылыстар.

«Біз роботтарға басымдық етуге рұқсат беруіміз керек», — деп жазады ол. Бүгінде саясаткерлер автоматтандырудан құтқаруға тырысып жатқан жұмыстардың көбі ең қалаулы жұмыс емес. Роботтар біз жасаған жұмыстарды жасайды және оны бізден әлдеқайда жақсы жасайды … Және олар бізге жаңа мамандықтарды, адамзат туралы түсінікті кеңейтетін жаңа мәселелерді табуға көмектеседі. Олар бізге одан да үлкен дәрежеде адам болуға мүмкіндік береді». Келли көптеген сарапшылардың, мысалы, Илон Масктың жасанды интеллект адамзатқа қауіп төндіреді деген қорқынышымен келіспейді. Оның пікірінше, мұндай қорқыныштар дәлелі жоқ аңыздарға тең.

508
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *