Матильда

Қанша «Матильда» деп аталатын шығарманы білесіз? Санап көрейік.

Ең алдымен ойымызға британ жазушысы Роальд Дальдің «Матильдасы» келеді. Бұл кітап 1988 жылы жарық көрді. Суретін Квентин Блейк салды. Бұл кітапты беймдеп аудионұсқасы жасалды, оны Кейт Уинслет айтып берді. Оған қоса режиссер Дэнни Девито кино түсірді, BBC Radio 4 екі сериялы бағдарламасы және мюзикл бар.

2012 жылы бұл ктіап «Барлық уақытта жазылған балалар романы» сауалнамасында 30-орында тқұрды. Жүздікке енген Роальд Дальдің төрт кітабының бірі. Time журналы  «Матильданы» өзінің «Жастарға арналған 100 ең жақсы кітап» тізіміне енгізді. Халықаралық сатылымда  17 миллион экземплярға жеткен.

2018 жылдың 27 қарашасында  Netflix каналы «Матильдадан» анимациалық сериал жасаймыз деп жариялады.

Оған қоса Анна Гавальданың «Матильдасы» бар. Ол 2018 жылдың 4 қазанында жарық көрді. Бұл шығарма 24 жастағы Матильда туралы.

Тағы бір шығарма «Бала күтуші Матильда» деп аталады. «Бала күтуші Матильда» шығармасын британ балалар жазушысы Кристианной Брэнд (1907—1988) жазды. Кітаптардың суретін Эдвард Ардиззоун салды. Бұл серияда үш кітап бар:

  1. Бала күтуші Матильда (1964)
  2. Бала күтуші Матильда қалаға барады (1967)
  3. Бала күтуші Матильда ауруханаға барады (1974)
577
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *