Қызыққа толы Көлсай көлдері

Екі-үш апта бұрын жоспарлап, туристік агенттік арқылы және жеңілдік беретін бір сайттар арқылы Көлсай көлдеріне баратын жолдама сатып алдық, жолдама дейтіндей жолдама емес алты адамның ақысын төлегені туралы кішкене түбіртек, соны көрсетіп автобусыңызға отырсаңыз болады. Сайтта әрине бәрі әдемі, жақсы жазылған, бірақ жолдың нашарлығы, кейбір жазылған нәрсенің аз-маз әсіреленгені, шындыққа сай келмейтінін сіз саяхатқа барып келгеннен кейін ғана білесіз.

Сонымен «ақшасы төленді, саяхатқа дайынбыз» деп шілде айының төрті күні түнгі он бірде жолға шықтық. Баратын жеріміз Алматы облысындағы Райымбек ауданының Саты ауылы. Саты ауылына дейін алты сағат жүріп барасыздар деп ескерткен болатын. Түн болғандықтан, автобусөа таласа тармаса мінген ададмар барынша өздеріне жайлы, жақсы орындарын таңдап алып жайғаса бастады. Бізден де басқа төрт автобус сол бағытқа жүруге дайындалып тұр. Автобусымызды күту барысында басқа кейбір туристік фирмалардың біздікіне қарағанда ұйымдастыруы жақсырақ екенін байқап қалдық. Жарайды, бұйырғаны осы болар деп оған да көндік қой:)

Сонымен жолға шықтық, түн болғасын айналада көп ешнәрсе көрінбейді, қаладан шыққаннан кейін, жүргізуші жай музыканы қосып қойып, жолда ызғытып келе жатыр, Ұйқылы ояу жүріп, әйтеуір, Көкпек елді мекеніне де жеттік. Сол жер санитарлық аймақ екен, жиырма минуттай аялдады. Өкінішке орай түн болғандықтан таза, ақылы дәретханалары жабық болып адамдар жан жақты кезіп кетті (таза, ақылы дәретханаларының барын қайтар жолда сол елді мекенге тоқтаған кезде ғана білдік :))

Таңғы сағат бестерде Саты ауылына да жетіп қалдық, жол нашар екен, жоқ десе де болады, бірақ біздің автобус басқа автобустар сияқты, барынша қатты жылдамдықпен келе жатыр. Ауылға кірдік, әр жерден «қонақ үй/гостевой дом» деген сияқты жазуларды көре бастадық. Бірақ мен көргендер тым кішкентай және «барақ» типтес болды. Мен ондай жерде тұрғым келмес еді деп бір ойлап қойдым. Айтуға ұмытып кетіппін ғой, жолдың тең жартысынан көбін өткен кезде алдымызда келе жатқан автобус сынып, оның жолаушыларын үш автобусқа бөліп отырғызған болатын. Отырғызғанда, олар отырған жоқ, тұрып тұрды, өйткені автобус онсызда толық еді, яғни елу бес жолаушымен келе жатқан болатын. Содан ол жолаушылардың қалай шыдағанын білмеймін, әйтеуір, ың-шыңсыз Саты ауылына дейін шыдап жетті ғой. Ең бірінші осы сынған автобустың жолаушыларын үй иелеріне табыстады. Автобустың келе жатқанын алыстан байқап тұрған тұрғындар жол бойына шығып өз үйіне тоқтайтын адамдарды күтіп тұр. Үшінші болып біздің топты атады. Бір үйге біз, яғни алты адаммен бірге, тағы бір төрт қыз бала баратын болды. Үй иесі бізді машинасымен күтіп алып, сол машинаға он адам үсті үстіне отырып, қысылып қымтырылса да әзілдеп күліп үйге де жетті. Өзім алдыңғы қатарға жайғасқандықтан еш қиналмай жетіп алдым 🙂

Мынау біз тоқтаған үй, киіз үйде таңертеңгң және кешкі асымызды іштік.

17

 

Сағат жеті-жеті жарымға дейін дем алып, ықздар таңертеңгі астарын ішіп, сегізде қайтадан бағана әкеліп тастаған орталық көшеге шықтық. Автобусымыз саяхатшыларды жинап алып, Көлсайға қарай тартты. Көлсайға баратын жолды мына суреттен көре аласыздар.

1

Бұл алдыңызға қарағандағы көрініс ал оң жағыңызға қарасаңыз мынадай сұлу табиғат қоршап жатыр:

2

Осы жолмен біраз көтерілдік, сонан кейін экологиялық бекетке де келіп жеттік, ол жерде машиналар мен тағы бір автобус жиналып қалыпты, өткізбей біраз тұрды, адамдар аздап ашуланып, шығып кіріп, барып сөйлесіп жүрді. Сол арада Көлсайдың екінші көліне бармайсыздар, жол нашар, жаңбыр жауды, қауіпті деген нәрселерді айтып тағы біраз қобалжыдық, барамыз да барамыз деп адамдар біраз шулады, сонымен не керек экологиялық бекеттен өтіп жолымызды жалғастырдық.

DSC01086

Дегенмен сөзбен айтып жеткізе алмас табиғат, таза ауа жақсы көңіл күйімізді түсіре алмады. Бұл саяхат жаңбырымен де, құбылмалы ауа райымен де, басқа да ұсақ түйек келеңсіз нәрселерімен де қабаттаса да, жақсы көңіл күй мен туған жеріміздің осындай керемет сұлулығына көз тоймай, қуаныш кернеп, бұл сапардан  риза болып қайттық қой.

3

4

5

 

6

7

8

Онсыз да тар жолда атты адамдар да жүреді екен, жаяу жүргіншілер оларға жол беріп тұрмыз.

9

10

Кешке Саты ауылына қайтып келіп демалдық, ал ертең бізді Қайыңды көлі күтіп тұрған еді. Ол туралы келесі жазбадан оқи аласыздар.

 

897
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *