Көркем әдебиетті қалай оқу керек?

Осыған дейін Мортимер Адлер туралы айтқанбыз және қиын кітапты оңай оқу жолын да талқылағанбыз.  Оны мына сілтеме арқылы оқи аласыз.

Адлер төрт негізгі ережені қамтитын көркем әдебиетті оқудың тәсілін сипаттайды. Оларға көшпес бұрын, өнер туындыларының ерекшеліктерін атап өтейік.

Көркем әдебиеттің міндеті – оқырманның сезімдеріне әсер ету. Ол ғылыми әдебиетпен салыстырғанда көңіл-күйді қалыптастырып, біздің қиялымызға басқаша әсер етеді. Шығармаға беріліп, кейіпкердің тәжірибесін бастан өткеру тек оқу кезінде ғана мүмкін.

Көркем шығармалардың екінші ерекшелігі алғашқысынан туындайды: көркем әдебиетте дәлдікке емес, әсер мен метафораның күшіне баса назар аударылады.

Сонымен шығарманы тез оқып ұққыңыз келсе, қолдануға тиісті ережелерге көшейік.

Мәтіндегі негізгі ойды іздемеңіз.

Есіңізде болсын, көркем әдебиет дидактикалық құрал емес.

Шығармадан терминдер мен аргументтерді табуға тырыспаңыз.

Бұл құралдар көркемдікке емес, логикаға қатысты.

Көркем әдебиетті логикалық өлшеммен бағаламаңыз.

Егер автор оқырманды сендіре алса, онда нақты деректерді бұрмалау оқиғаға зиянын тигізбейді. Автор ойлап тапқан батырлар әлемінде орын алып жатқан  сюжетті сол күйінде қабылдауға дайын болыңыз.

Барлық көркем шығармаларды бірдей тәсілмен оқымаңыз.

Әдебиет әр түрлі жанрларға бөлінеді, ал бір туындыға қолданылған тәсіл екіншісімен жұмыс істемеуі мүмкін.

Дайындаған Бақытжан Салихов

305
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *