Көңіл-күй мен эмоцияны игеру

Көңіл-күйіңізді, эмоцияңызды жүк қылып көтеріп жүрсіз бе? Осыған ұқсас сұрақты Америкадағы бір мектептің мұғалімі Карен Лоу өз оқушыларына қояды. Ол 22 жыл бойы мұғалім болған, 7-8-сынып оқушыларына сабақ беріп, балаларды күнделікті күйзелістен құтқаруға, көмектесуге тырысқан. Оқушылармен бір эксперимент жасайды да, ол туралы фейсбук желісінде жазады, оны 500 мың адам қолдап, бөліседі, ал басқа елдердің мұғалімдері оның эеспериментін қайталап көруге тырысады.

Эксперименттің барысы:

Карен оқушыларына бір парақ қағаздан таратып беріп, осы қағазға өздерін қинайтын, ренжітетін, жүрегіне ауыр болып тиетін ойлар, қиындықтар, мәселелер болса, соның бәрін жазып шығуды ұсынады. Бірақ әңгімесінің басына не соңына өз атын жазудың қажеті жоқ еді. Жазып болған соң барлық оқушы өз қағаздарын умаждап, сыныптың бір бұрышына лақтырады. Араласып қалған қағазды балалар шетінен алып дауыстап оқиды. Балалардың жазғандары Каренге қатты әсер етеді. Өйткені балалар күнделікті уайымдарын, жақындарының өлімін, қатерлі ауруға шалыққан адамдадар туралы, өз өзіне қол жұмсау тағы да көптеген мәселелер туралы жазады. Балалар бір-бірінің жазғанын оқып, жылап қалады, өйткені оқу өте ауыр әңгімелер бар еді. Тек бір жазба ғана аздап көңілдерін көтереді, ол жерде бала өзінің тышқанының өліп қалғаны туралы жазған еді, ал тыщқан тым семіз болған соң өлім қалады.

Барлық бала жазылған қағаздарды оқып болған соң, мұғалім оларға өздерінің жалғыз емес екендігін, оларды жақсы көретінін және жақсы көретін адамдардың көп екенін айтқан. Осындай жағдайды ұмытпау үшін балалардың қиындықтары жазылған қағазға толы пакетті тақтаның қасына іліп қойған.

Осы эксперименттен кейін балалар бір-біріне басқаша қарай бастаған, олардың арасындағы сыйластық артып, бір-бірінің сөзін бөлмейтін, ауыр сөздер айтпайтын болған, өз ойларымен, жандарында болып жатқан өзгерістермен ашық бөлісетін болған. Мұғалім балалардың үлкендермен де ашық бола алатынын айтады, бірақ ол үшін біраз уақыт керек.

Ал сіз оқушыларыңызбен осындай ашық әңгіме өткізгіңіз келе ме? Балаларды уайым-қайғысынан арылып, ішкі күйзелісімен күресуге үйрететін жолдарды білесіз бе? Осындай эксперименттерді қайталап көргіңіз келе ме?

406
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *