Мақсатқа жетуге көмектесетін 5 пайдалы тәсіл

Сіз өзіңізге бір рет болса да жаңа жылдық уәде берген болсаңыз, оны орындау оңай еместігін білесіз. Статистикаға сенсек, адамдардың 8% -ы ғана жаңа жыл алдында қойған мақсат-міндеттеріне қол жеткізеді екен. Себебі үлкен және өршіл мақсатқа апаратын жолды оңай жүріп өте алмайсыз, ол нағыз марафон, оның барысында күшіңізді, мотивация мен сеніміңізді жоғалтуыңыз мүмкін. Сондықтан сіздерге қиындықтармен күресуге және қалауыңызды орындауға көмектесетін бірнеше амал-тәсілдер ұсынамыз.

1. Өзіңізге тым көп нәрсені алмаңыз

Кейбір адамдар кең ойлағанды ұнатады және «болған соң, ең мықтысы болу керек» деген ұранды басшылыққа алады. Олар үшін 5 кг-ға арықтау немесе әңгіме жазу сияқты мақсат, тым ұсақ. Алған соң фитнес бикини жарысының жүлдесін алу керек немесе бірден Букер сыйлығына ие болу керек. Әйтеуір ауыз толтырып айтатын, ұялмай мақтанатын нәрсе болуы керек.

Бірақ бұл тәсіл — жоғары, қол жетпейтін мақсат қою – барлық адамға жарай бермейді. Мүмкін, бұл мақаланы оқымайтын, оқуды да қажет етпейтін өте талантты және өнімді адамдарға жарайтын болар. Оған қоса кинода көрсетілетін ойдан шығарлыған кейіпкерлердің қолынан келуі мүмкін, өйткені олар экрандағы екі сағат ішінде рингте жеңіп, Гарвардқа оқуға түсіп, сол арада әлемге әйгілі бола алады.

Қиын немесе қол жетпейтін мақсат мотивацияңызды жойып, күшіңізден айыруы мүмкін.

Бір нәрсені бір ай, бір жыл немесе екі жыл істеп тырысудың қажеті не, егер нәтижесі жолдың басындағыдай өзгеріссіз болса? Мұндай ойлар туындамас үшін, міндеттерді қою кезінде бірнеше маңызды жайттарды ескерген жөн:

1. Кішкене мақсаттардан бастаңыз. Яғни, сіз жақын арада қол жеткізе алатын нәрселерден бастау керек. «Ағылшын тілін еркін үйремін» емес, «А1 немесе В1 деңгейін меңгеремін». «Forbes тізіміне кіру» емес, «пайда табатын компания құрамын».

2. Ұзақ мерзімді мақсаттарды кезеңдерге бөліңіз. «Бұлшықетті жаттықтыру» өте түсініксіз және қиын естіледі. Егер сізде көп сатылы жоспар болса, бұл әлдеқайда ыңғайлы: «Дәрігерден күш жаттығуларын жасауға бола ма деп сұрау. Жаттығулар мен тамақтану туралы мәліметтерді зерттеу. Фитнес клуб пен жаттықтырушыны табу, спортпен айналысу бағдарламасын жасау. Дәмді және пайдалы тағамдардың мәзірлерін алу, жаттығу залына аптасына үш рет бару ». Бұл тайм-менеджмент принциптерінің бірі: «пілді бөліктерге бөліп аз-аздан жеу».

3. Ресурстарыңызды дұрыс бағалаңыз. Сіз кітап жазғыңыз келеді делік. Бұл үшін сізге не қажет екенін қарастырыңыз: уақыт, білім, көмекшілер, жақсы ноутбук және т.б. Толық тізім жасаңыз. Егер сізде бұл тізімде жазылған нәрсе болмаса, мәселені қалай шешуге болатынын ойлаңыз. Мысалы, сіз кітап жазуға отырғанда аптасына екі рет балаңызға қарайтын күтушіні іздеңіз. Немесе мәтінді жақсартуға көмектесетін редакторға хабарласыңыз.

2. Мақсаттарыңызды көз алдыңызда ұстаңыз

Әркімнің қасында жүретін және ылғи «Сен істей аласың! Сенің қолыңнан келеді!» деп ынталандырып отыратын адам болса, керемет болар еді. Немесе ол жай ғана мыналарды еске салып отырса: «Міне, Австралия жағажайының суреті. Ол жаққа барып, уақытыңды жақсы өткізу үшін, ағылшын тілін жетілдіруің керек. Жалқау болма».

Жақсы жаңалығымыз бар – сізді ынталандыратын адам қажет емес, сіз өзіңізді өзіңіз қолдап, ынталандыра аласыз, оған қоса не істеу керектігін еске салумен де өзіңіз айналыса аласыз.

Үстелдің үстіне сіз армандаған нәрсенің суретін іліңіз. Күнделігіңізге мотивация беретін цитата жазыңыз. Жұмысыңызға сәйкес келетін күлкілі фразасы бар футболкаға немесе кружкаға тапсырыс беріңіз. Бір сөзбен айтқанда, өзіңізді мейірімді және көңілді еске салғыш заттармен қоршаңыз және оларды жиі жаңартып отырыңыз. Бұл мақсатты естен шығармауға көмектеседі, екінші жағынан сізді мезі қылмайды, мақсатыңызды жек көріп кетпейсіз.

3. Өзіңізді марапаттаңыз

Адамның табиғаты сондай: бізге бір нәрсені жайдан жай жасау қызық емес. Әр ісіміз үшін, ол тіпті кішкене болса да, қиын болса да, біз марапат алғымыз келеді. Ал егер ешкім ұзақ уақыт бойы сізді мақтамаса, немесе марапатыңызды бермесе, көңіл-күйіңіз нашарлайды, барлық қиын істерден бас тартып, бізге рахаттануға кепілдік беретін жерге кеткіміз келеді. Мысалы, әлеуметтік желілерге немесе ең жақын кондитер дүкеніне.

Мұның бәрі сіз көп естіп жүрген дофаминнің әсерінен болады. Қысқаша айтқанда, бұл нейромедиатор,  ол ләззат алу, рахаттану сезімі болатыны алдын ала сездіреді, күттіреді, сондықтан біз тамақ, секс, YouTube видеолары сияқты тез және қарапайым қуаныштарға ұмтылуға мәжбүр боламыз.

Дофамин жүйесін алдауға болады, өзіңізге марапаттау ойлап табыңыз. Мысалы, егер сіз жаттығудан кейін дүкенге барып, өзіңізге сүйкімді нәрсе сатып алсаңыз, миыңыз спортты онша қиын деп ойламайды және сізге келесі жаттығуға дейін жететін дофаминнің мөлшерін береді. Бірақ бұл жерде, әрине, жүйелілік, оған қоса әрекет пен сыйақының сәйкестігі маңызды.

Егер жаттығудан кейін бірден шоколад жесеңіз, сіз спорттың берген барлық әсерін жоққа шығарасыз.

Ең алдымен сізге не ұнайтыны туралы ойланыңыз, сонымен бірге ол сіздің денсаулығыңыз бен әмияныңызға зиян келтірмеуі керек. Қиын тапсырманы орындағаннан кейін өзіңізді марапаттаудың бірнеше жолдарын айтайық:

Дәмді кофе ішу.

Кітап оқу, бірнеше жаңа ән тыңдау.

Кішкене сыйлық алу: блокнот не ноутбукқа арналған стикер.

Көпіршігі бар ваннада жату.

Күнделікке істеріңізді жазып, өзіңізді мақтау.

Әдет қалыптастыру күнделігінде орындалды деп белгі қою.

4. Өзіңізді зерттеңіз

Кейбіреулер таңертең жақсы жұмыс істейді, ал басқалары кем дегенде түскі асқа дейін ұйқысырап жүреді. Кейбір адамдарға кітапханадағыдай тыныштық қажет, ал басқалары музыканы немесе табиғат дыбыстарын фонға қоюды ұнатады. Қағаз күнделіктерді жақсы көретіндер мен ұзақ жылдар бойы тек телефонында істер тізімін жүргізетіндер бар.

Өнімділіктің біркелкі жолы жоқ. Қанша зат қандай мөлшерде қажет екенін, яғни дұрыс өлшем мен дұрыс пропорцияны табу үшін, сіз өзіңіздің ерекшеліктеріңізді зерттеп, оларды ескеруге тырысуыңыз керек.

Мысалы, көңіл-күй күнделігін жүргізіңіз: күніне үш рет, өзіңізді қалай сезінетініңізді және энергияңыздың қаншалықты көп екенін дәптерге жазыңыз. Бірнеше аптадан кейін осы жазбаларға сүйене отырып, жұмысқа, оқуға, спортқа немесе басқа іс-шараларға қолайлы уақытты анықтаңыз. Өнімділіктің әртүрлі әдістерімен тәжірибе жасаңыз, сізге не пайдалы екенін көріңіз.

5. Алғашқы нәтижелерді күтіңіз

Аяқталып қалған жобадан бас тартатындар аз. Жаңа жылдық уәделерге оралсақ, көпшілігіміз оларды қаңтар айының соңына дейін ұмытып кетеміз. Яғни, адамдар көбінесе жолдың басында тоқтап қалады (тәжірибе жоқ, ештеңе түсінікті емес, ал бизнес ешқандай қуаныш әкелмейді). Көрінетін нәтижелер мен оң пікірлер болмаса, біз тапсырманы орындай аламыз және бұл мақсат оған жұмсалатын уақыт пен күшке тұрарлық дегенге сену өте қиын.

Бірақ қолыңыздан іс келіп, сәттілік серігіңіз болып жатқанда, алға жылжу оңай болады.

Егер сізге өте қиын болса және барлығынан бас тартқыңыз келсе, өз еңбегіңіздің бірінші нәтижесін күтемін деп өзіңізге уәде беріңіз. Ал дегенмен де, арықтаудың алғашқы килограммы, тапқан ақша немесе би қимылдары әлі де ұнамай жатса, сіз еш ұялмастан өзіңізге басқа мақсатты таңдай аласыз.

Дайындаған Бақытгүл Салыхова

601
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *