МІТ семинары еліміздегі Назарбаев Зияткерлік мектептерінің  Кәсіби бағдар кеңесшілеріне арнап 2016 жылдың 12-13 қыркүйек күндері өткізілді.  Өздеріңіз білетіндей МІТ — дүние жүзіне танымал Massachusetts Institute of Technology . Осы институттың Admission офисынан Murphy Maura Tierney келіп кетті. Көтерілген негізгі мәселе — студенттерді оқуға қабылдау, институтқа оқуға түсу талаптары, құжат жинау ерекшеліктері, эссе жазу талаптары, кепілдеме хат, мінездеменің жазылу ерекшеліктері. Сонымен қатар  Murphy Maura Tierney қатысушыларды топқа бөліп, тапсырмалар да орындатты. Біз өзімізді қабылдау комиссиясының мүшесі ретінде сезіндік: алдымызда 3 түрлі студенттің құжаттары жатты, оларды оқып, зерттеп шешім қабылдауымыз керек еді: 1 студентті қабылдауымыз керек, 1 студентті күту тізіміне қосуымыз керек, 1 студентке қабылданбайтыны туралы айтуымыз керек. Семинар өте қызық және танымдық ақпаратқа толы болды.

315
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *