«Ойлап табу. Талқылау. Пікір алмасу» мақсатында Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткізіліп жатқан семинардың екінші күні (20.04.2013) өз жұмысын жалғастырып жатыр.

Бұл жолғы  ерекшелігіміз TED сайтына тіркеліп ТАЛҚЫЛАУ жүргізу бетінде жаңа тақырып бастағанымыз.

Бұл пікір алмасу «Cіздің өміріңізде кітаптың орны қандай?» сұрағынан туындап отыр.

tema

 

Бұл талқылауды сайттан көре аласыздар.

Сонымен бірге TED видеоларын талқылауды да жалғастырып жатырмыз. Оқушылар өз бетімен көрген видеоларын келесі сұрақтарға жауап беру арқылы пысықтайды, жазбаларымен басқа оқушылармен бөліседі:

  • Көрген TED видеоның тақырыбын жазыңыз.
  • Келесі сұрақтарға жауап беріңіз:
  • Сөйлеуші кім (аты-жөні, мамандығы, басқа да ақпараттар білетін болсаңыз)?
  • Тыңдаушылар кім? (жастар, ересектер т.с.с.)
  • Сөйлеуші  не туралы айтты? (Видео не туралы болды?)
  • Қай жерде айтылды?
  • Қашан айтылды?
  • Неге бұл тақырып  маңызды деп ойлайсыз?
  • Сөйлеуші негізгі ойды қалай жеткізді?
  • Осы видеода айтылған ойды сіз өз өміріңізде пайдалана аласыз ба?
  • Видео сізге қалай әсер етті?
  • Орындаған оқушының аты-жөні, орындаған уақыты.

Жұмыс барысынан көріністер:

 

382
Share

От bilimpaz

Один комментарий к “Ойлап табу. Талқылау. Пікір алмасу”
  1. TED не екенін білдім. Өте көп ойлар мен идеялар келді. Жалпы маған осындай жұмыс жасау ұнады. Осындай жұмыстар мен конфиренциялар болады деп сенемін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *