Саумалдық қосылған түрік бәліштері
Сізге қажет:
- юфка қамыры
- саумалдық (жас немесе қатырылған)
- 2 жұмыртқа
- 2 пияз
- дәмдеуіштер мен тұз
- 200 гр брынза (cottage cheese қолдануға болады)
- 2 ас қасық шамасында сұйық май
- 2 ас қасықтай майлылығы көп айран
- 2 ас қасықтай сүт
- кунжут
Дайындау жолы:
- Пиязды аршып, төртбұрыштап тураңыз.
- Саумалдықты қатты майда қылмай турау керек.
- Табаға 2 ас қасықтай сұйық май құйып, алдымен пиязды қуырып алыңыз. Пияздың түсі өзгерген кезде, саумалдықты қосып, көлемі азайғанға дейін пісіру керек.
- Брынза ірімшігін қосыңыз. Тұздап, қалауыңызша түрлі дәмдеуіштерді қосыңыз. Тағы 3-4 минут үнемі араластырып тұрып пісірген соң, табаның астын өшіріп, суытыңыз.
- Бөлек ыдыста жұмыртқаны араластырыңыз.
- Айран қосыңыз. Айранның майлылығы көп болса жақсы, немесе қаймақты қоссаңыз болады.
- Көз мөлшерімен сүт қосыңыз. Екі ас қасық шамасында болуы керек.
- Сұйық май қосып, бәрін жақсылап араластырыңыз.
- Егер юфка қолданатын болсаңыз, оның көлемі үлкендеу, сондықтан оны 8-ге бөліп жасау керек. Қамырдың үстіне сүтті қоспаны жағып шығыңыз.
- Енді қамырдың бір шетіне саумалдық қоспадан қойып, орау керек. Не қатты тығыз, не де қатты бос болмауы керек.
- Оралған қамырдың үстіне сүтті қоспадан жағып, енді екі шетін бір біріне қарай орап гүл формасына келтіріңіз.
- Әрбір бәліштің үстіне тағы да сүтті қоспадан жағып, кунжут сеуіп қойыңыз да, үсті қызарғанға дейін пісіріңіз.
Өте дәмді!
Ас болсын!
Дайындаған https://aspazdik.wordpress.com/
812