Суық тиюден қорғанудың 5 қарапайым ережесі

Соңғы екі жылда болып жатқан оқиғалар адамдарға өздеріне күтім жасауды үйрету керек сияқты еді. Алайда жұрт бетперде тағудан, қолғап киюден, антисептиктен және әлеуметтік қашықтықтан тез шаршап, аса қауіпті емес тұмау ауруына да назар аударуды тоқтатты. Қазір  күн суытты, енді келесі жазға дейін жанымызда болатын суық тиюден қорғануымыз керек. Сондықтан денсаулықты сақтауға көмектесетін ең қарапайым ережелерді еске алайық!

1. Қолыңызды көз, мұрын және ауызға тигізбеңіз.

Ғалымдардың жүргізген көптеген тәжірибелері мен бақылауларына сүйенсек, әр адам бетіне сағатына кемінде 15 рет қолын тигізеді екен! Ал қобалжығанда онда одан да жиі болуы мүмкін. Сіздің көзіңіз, мұрныңыз бен аузыңыз денеңізге бактериялар мен вирустардың кіретін қақпасы екенін ұмытпаңыз!  Сондықтан қолыңызды әрқашан таза ұстаңыз, бұл – өте маңызды.

2. Қолыңызды жуыңыз немесе антисептик қолданыңыз.

Бәріне белгілі затты айтып отырсақ та, бұл жайт денсаулық сақтаудың ең маңыздысы. Қолдың тазалығын осы күнге дейін көпшілік елемейді. Ойланып көріңізші, үйден шығып, есіктерді ашқан соң, дүкенде зат ұстаған соң қолыңызды жуасыз ба, әлде антисептик қолданасыз ба? Сіздің қолыңызда тек тұмау тудыратын вирустар мен бактериялар ғана емес,  ішек-қарын жолдарының инфекциясын тудыратын аурулар да болуы мүмкін ғой.

ДДҰ қолды «жиі» жууды ұсынады. Іс жүзінде бұл қоғамдық орындарға, көлікке, дәретханаға барғаннан кейін, басқа адамдармен, үй жануарларымен байланыста болғаннан кейін, тамақ пісірер алдында, тамақ ішпес бұрын, линза кигенде және т.б. сабынмен қолыңызды жуу керек дегенді білдіреді. Қолыңызды әр мезетте жуып отырмасаңыз да, сағатына кемінде бір рет жуып салауатты әдет қалыптастыру соншалықты қиын емес.

3. Тым жылы киінуге болмайды.

Жылы киіну мен суық тиюдің байланысы жоқ. Негізінде суық тиюге тек вирустар мен бактериялар кінәлі, олар сіздің киіміңіз жылы ма, әлде жылы емес пе екеніне қарамайды. Ең бастысы сіздің иммунитетіңіз оларға қарсы тұра алуы керек. Киімді ауа райына сәйкес кию керек. Бастысы – киім сізге жайлы және жылы болуы керек, бірақ киімде сізге ыстық болмауы керек.

Балаларды серуендеуге шыққанда да тым жылы киіндіріп қымтап ораудың қажеті жоқ: балалар ширақ, бір орында отырмайды, ойын алаңында жүгіріп жүріп жеңіл киіммен де қатып қалмайды. Ал егер сіз оларды қымтап қойсаңыз, жүгіріп жүрген бала тез терлейді, киімі ылғал болады. Ондай киімде бала тез тоңып, суық тигізіп алады.

4.Желден қорықпай, бөлмені үнемі желдетіп отырыңыз

Бөлмені күніне кемінде 2 рет 10 минут бойы желдету ауадағы зиянды микроорганизмдердің концентрациясын төмендетеді, ылғалды жоғарылатады және бөлмедегі ауаны оттегімен қанықтырады.

5. Демалуды үйреніңіз.

Өздеріңіз білетіндей, жан күйзелісі иммундық жүйені әлсіретеді және дененің патогендік микроорганизмдермен күресу қабілетін төмендетеді. Ал сіз релаксация мен жайлы демалыс кезінде (айтпақшы, демалыс та күйзелістің бір түрі, бірақ пайдалы) болғанда қандағы интерлейкиндердің –  «иммундық жүйенің гормондары» – деңгейі өседі, олар ағзаны вирустар мен бактериялардан қорғауға тікелей қатысады.

571
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *