Тараз: 1 күн

Бүгін қыркүйек айының жиырма жетінші жұлдызында Тараз қаласындағы зияткерлік мектепте жаңа медиа технологияларға арналған семинарымыз өз жұмысын бастады. Үш күнге созылатын семинарымызда қатысушылар интернетті білім, ақпарат, оқу мақсатында қолданудың қыр сырына үңіледі. Түрлі қазақ, орыс, ағылшын тіліндегі білім беру ресурстарымен танысып, өз жұмыстарында тиімді пайдалану жолдарын көріп, өздеріне ыңғайлысын, тиімдісін таңдап алуларына мүмкіндіктер болады.

Тараз қаласының мұғалімдері жұмыс барысында:

Бұл семинарға қатысты емес ойлар:

Басқа қалаларда да семинар өткізу барысында байқағаным: мен көрген мектептердің барлығының ИТ мамандары мектеп компьютеріне браузер ретінде Internet Explorer-ді қояды және мұғалімдерге mail.ru-дан пошта ашып береді. Бұл үрдісті қалай өзгертудің, тоқтатудың жолын табу керек. Сондықтан жақсы қазақстандық пошта сервисі керек екені даусыз немесе барлық мектептер өздерінің ішкі пошталық сервисіне көшулері керек. Сонда ғана мұғалімдер өздерінің байланыс поштасы ретінде жоғарыда аталған поштаны берулерін қоятын болар деп үміттенемін.

535
Share

От bilimpaz

3 комментария для “Тараз: 1 күн”
  1. Таразға қош келдіңіз.
    Сіз өткізген курс арқасында пайдалы сайттардың көптеген мүмкіндіктерін білдік. Ендігі кезекте әріптестерімізбен бөлісу біздің міндет.

  2. Құрметті Бахыткүл Орынбасарқызы біздің қаламызға келіп осындай курсты өткізгеніңізге көптеген алғысымызды білдіргіміз келеді, «Білім саласында жаңа медиа технологияларды қолдану» курсында алған білімімізді болашақта өз тәжірибемізде қолданып, үйренгендерімізді әріптестерімізбен бөлісеміз. Осындай семинар-тренингтер үнемі болып тұрса, нұр үстіне нұр болар еді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *