Тирамису
Тирамису — өте дәмді итальян тәттісі. Тәтті майлы крем мен қышқыл қою кофенің дәмі араласып сізге ұнайтыны сөзсіз.
Сізге қажет:
Бисквит үшін:
2 жұмыртқа
0,5 стакан қант
0,5 стакан ұн
1ш.қ.разрыхлитель
2 ас қасық какао
1 стакан қою қайнатылған кофе
Пудинг үшін:
1,5 стакан қант
1 стакан ұн
2 ас қасық крахмал
1 литр сүт
1 жұмыртқа
100 гр жұмсартылған сары май
200 гр «плавленный сливочный сыр»
Дайындау жолы:
Бисквит: 2 жұмыртқаны 0,5 стакан қантпен және 0,5 стакан ұнмен + 1ш.қ.разрыхлитель + 2 ас қасық какао араластыру керек. Сонан соң май жағылған ыдысқа құйып, пісіру керек. Піскен кезде, үстіне 1 стакан қою қайнатылған кофе құйыңыз.
Үстіне құйылатын пудинг: 1,5 стакан қант + 1 стакан ұн + 2 ас қасық крахмал + 1 литр сүт + 1 жұмыртқа + 100 гр жұмсартылған сары май = осының бәрін алдыменен миксермен араластырып алыңыз, жәй отқа қойып пісіріңіз. Пудинг қою болғаны – піскені. Піскен пудингке 200 гр «плавленный сливочный сыр» қосып жақсылап миксерлеу керек. Бисквиттің үстіне пудинг құйып, үстін тегістеп алып, тоңазытқышқа қою керек. Кем дегенде 1 түн тұрса жақсы. Дайын тирамисуды үстіне какао сеуіп ұсынасыз.
Өте дәмді!
Ас болсын!
Дайындаған https://aspazdik.wordpress.com/