Халықаралық анимация күні

Жыл сайын 28 қазанда атап өтілетін Халықаралық анимация күні (International Animation Day) немесе Дүниежүзілік мультфильмдер күні 2002 жылы Халықаралық анимациялық фильмдер қауымдастығының (The International Animated Film Association, ASIFA) Франциядағы бөлімшесінің бастамасымен алғашқы анимациялық технологияның жұртшылықтың алдына көрсетілуінің 110 жылдығына орай тағайындалған.

Осы атаулы күні – 1892 жылдың 28 қазанында Париж қаласында суретші және өнертапқыш Эмиль Рейно көрермендерді жаңа, осы уақытқа дейін көрмеген «оптикалық театрына» шақырды.

Дарынды өнертапқыш алғаш рет қозғалыстағы суреттерді көрсететін праксиноскоп аппаратын көпшілік алдында көрсетті. Қазіргі кезде бұл оқиғаны заманауи мультфильмдердің прототипінің тууы деп атар едік, дәл осы күн енді анимациялық фильмдер дәуірінің басталу күні болып саналады.

519
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *