«Адамгершілік, даңқ және махаббат туралы ойлар» тақырыбында Шах Рукх Кхан TED Talks India конференциясында сөз сөйледі.

«Мен армандарды және миллиондаған адамдарға махаббатты сатамын», — дейді Болливудтың ең танымал жұлдызы Шах Рукх Кхан. Еліктіріп алып кететін және күлкілі сөзінде Кхан тағдыры туралы айтады, танымал би қозғалысын көрсетіп, қалт етпей бақылауда өткен өмірінің қиындықпен келген даналығымен бөліседі.

Translated by Bakytgul Salykhova

Reviewed by Jannur Bakhyt

Намаскар. Мен кино жұлдызымын, жасым 51-де, әзірге ботокс қолданбаймын. 

Мен тазамын, өзімді киноларымдағы 21 жасар адамдай ұстаймын. Иә, солай істеймін. Мен армандарды сатамын, Үндістандағы миллиондаған адамдарға махаббат ұсынамын, олар мені әлемдегі ең керемет көңілдес дейді. 

(Күлкі) 

Ешкімге айтпасаңыздар, сіздерге олай емес дегім келеді, бірақ болжамды ешқашан жоққа шығармадым. 

(Күлкі)

Сонымен бірге бұл жерде менің жұмыстарымды көрмегендер көп екенін түсінемін, сіздер үшін уайымдаймын. 

(Күлкі) 

(Қол шапалақтау) 

Мен өзімді жақсы көретінімді жасырмаймын, әрбір кино жұлдызы сияқты. 00:56

(Күлкі)

Менің достарым Крис пен Джульет мені болашақ туралы сөйлеуге шақырды. Шындығында мен қазіргі өзім туралы айтамын. 

(Күлкі) 

Мен шынымен адамзаттың өзім сияқты екеніне сенемін. 

(Күлкі)

Солай. Солай. Қартайып жатқан жұлдыз айналасында болып жатқан жаңалықтарды алып, бірінші кезекте бұл құқықты алғанына таңғалып, әлі де жол тапқысы келіп ешнәрсеге қарамай тырысып жатыр. 

Үндістанның астанасы Нью-Делиде қашқындар колониясында дүниеге келдім. Менің әкем бостандық үшін күресті. Анам, басқа аналар сияқты жай ғана күрескер еді. Басқа да адамдар сияқты күн көріс үшін күрестік. Жиырмаға шығар жасымда ата-анамнан айырылдым, қазір мойындауым керек уайымсыз сияқты көрінемін, бірақ әкем қайтыс болған күн есімде, бізді ауруханаға апарған көрші жүргізуші есімде. Ол «өлген адамдар шайпұл бермейді» деп міңгірлеп қараңғыға сүңгіп жоқ болды. Мен 14 жаста едім, әкемнің денесін машинаның артқы орындығына қойдым, анам қасымда, ауруханадан үйге қарай машинаны айдап келдім. Жайлап жылап отырып анам маған қарады да былай деді: «Ұлым, қашан машина айдап үйрендің?! Сол туралы ойлап, түсіндім де, анама былай дедім: «Дәл қазір, анашым.»  

(Күлкі) 

Сол түннен бастап менде адамзатқа деген сүйіспеншілік оянды, аман қалудың барлық жолдарын үйрендім. Шынын айтсам ол кезде өмірдің мәні өте қарапайым еді. Сен қолыңда бар нәрсені жейсің, істе деген нәрсені жасайсың. Мен целиакия – көкөніс, ал «Жұлдызды жолдағы» Спокстың досы веган екен деп ойладым. 

(Күлкі) 

Кездесуге бірінші шақырған қызға үйленесің, машинаңның карбюраторын жөндей алсаң, технар боп шығасың. Мен, шынымен де, «гей» ағылшын тіліндегі күрделі сөз деп ойладым. Ал «Лесбиан», әрине, Португалия астанасы, бәріңіз білетіндей. 

(Күлкі) 

Мен қайда болдым? Біз жүйеге сендік, ол бір ұрпақтың құрбандығы мен еңбегінен құралды, бірақ бізді қорғауға тиіс болатын, мемлекет біздің игілігіміз үшін бәрін жасайды деп ойлайтынбыз. Ғылым қарапайым және қисынды еді, Apple — әлі де алма еді, алдымен Ева, содан кейін Ньютон иелік еткен, Стив Джобс емес. Сен көшеде жалаңаш жүгіріп өткің келгенде, «Эврика» деп айқайлайсың Өмір саған қандай жұмыс ұсынса, соны істейсің, көп жағдайда, адамдар саған тілектес болады. Миграция термині адамдарға емес, Сібір пойыздарына айтылатын. Ең бастысы – сен кім болсаң, сол едің, ойлаған нәрсеңді айтатынсың. 

Жасым жиырмадан асқанда мен дамып жатқан мегаполис Мумбаиға көшіп кеттім, менің шекарам жаңа индустриалды армандаған адамгершілік сияқты, кеңейе бастады. Қаланың қарбаласында күн көріс жағдайы да өзгерді, көп нәрсе басқаша көріне бастады. Мен әлемнің әр түкпірінен келген көп адамды кездестірдім, олардың бет әлпеті, нәсілі, жынысы, несиесі әртүрлі еді. Түсініктер де барынша екіұшты бола бастады. Жұмыс сізді тобырмен бірдей ететіндей еді, бүкіл жүйе сізге арналмағандай еді олар сізді, адамзаттың түрлілігін қолдау үшін жаралмағандай, адам өзі дамып, өзі өсуі керек. Идеялар тез әрі жылдам таралады. Мен инновацияның кереметі мен адамдардың өзара әрекетін сездім, өзімнің шығармашыл екенімді сездім, ұжымдық жігердің қолдауын алып мен супер жұлдызға айналдым. 

Мен өзімді тапқанымды сезіндім, жасым қырыққа таяғанда, мен өзімді шынымен ұшып жүргендей сезіндім. Мен барлық жерде едім. Білесіз бе? 50 фильмге түстім, 200 ән орындадым, малайзиялықтар «батыр» атағын берді, Француз үкіметі маған жоғарғы азаматтық марапат ұсынды, бірақ оның атауын қазірге дейін айта алмаймын. 

(Күлкі) 

Осы үшін Франциядан кешірім сұраймын және рахмет айтамын. Бірақ ең бастысы мен Анжелина Джолиді көрдім (Күлкі) екі жарым секунд қана. 

(Күлкі) 

Оның да мені бір жерде көргені есінде болар деп сенемін. Мүмкін есінде жоқ шығар. Мен түскі ас кезінде Ханна Монтананың қасында отырдым, ол маған арқасымен отырғаны маңызды емес. Жоғарыда айтқанымдай, мен Майлиден Джолиге, менімен бірге адамгершілік те қалықтап жүрді. Екеуміз де төменге құлдырауға дайын едік. Содан кейін не болғанын барлығыңыз білесіз. Интернет пайда болды. Мен елуге таяп қалдым, тордағы шымшық сияқты сайрай бастадым да, менің әлеміме келген адамдар таңырқайды деп ойладым, мен осы ғажапқа сендім. Адамгершілік екеумізді басқа нәрсе күтіп тұрды. Байланыс құралдарының тарауымен идеяларымыз бен армандарымыз да бүкіл әлемге таралады деп ойладық. Біз ойдың бесігі ретінде ауылға сүйенбедік, пайым мен ұғым пайда болған жерде бостандық пен революция пайда болды. Барлығында жаңа мән пайда болды. Не істесем де — жақсы, жаман, сұмдық — бәрі талқыланды және бағаланды. Мен не айтсам да, не істесем де осы жағдайға түсті. 

Төрт жыл бұрын әйелім Гаури екеуміз үшінші баланы дүниеге әкелгіміз келді. Интернетте мынадай өсек шықты дүниеге келген бала бірінші ұлымыздың баласы, ал ол 15 жаста еді. Мүмкін ол ақымақтық жасаған, Румыниядан машинамен қызымен келе жатқанда. Жаңалыққа өтірік видео да қосылған еді. Отбасым әуре-сарсаңға түсті. Ұлым, қазір 19 жаста, қазірге дейін амандасқан әрбір адамға жан-жағына қарап, былай дейді: «Менің тіпті еуропалық жүргізуші куәлігім де жоқ». 

(Күлкі) 

Иә. Бұл жаңа әлемде ақиқат өмір виртуалды, ал виртуал өмір — ақиқатқа айналып, жатқанда, мен өзім қалаған адам бола алмайтынымды, қалағанымды айта алмайтынымды түсіндім, дәл осы сәтте адамгершілік толығымен маған ұқсайды. Екеуміз де орта жастың дағдарысынан өтіп жатырмыз, адамгершілік те мен сияқты примодоннаға айналды. Мен барлығын сата бастадым, шаш майынан бастап дизель генераторына дейін. Адамгершілік бәрін сатып алды: тазаланбаған мұнайдан ядролық реакторға дейін. Мен тіпті суперқаһарманның киіміне сиюға тырыстым, ол өзімді өзгерту үшін жасалды. Шынын айтсам, жолым болмады. Барлық Бэтмен, Спайдермен, Супермендердің атынан айтқым келеді, сіздер оларға рахмет айтуларыңыз керек, өйткені олардың киімдерінде шабыңыз қатты ауырады.

(Күлкі) 

Мен сіздерге адалмын. Бұны айтуым керек еді. Шынымен. Айтпақшы, жаңа би түрін ойлап таптым, бәрін еліктірмегенше, ол туралы ойламадым. Бәрі дұрыс, маған ыңғайсыз болса да, сіздерге көрсетейін. Бұл би лунги денс деп аталады. Рұқсат болса көрсетейін. Мен талантпын ғой. 

(Мақұлдаған дауыстар) 

Мен шамамен былай істеймін. 

Лунги-денс. Лунги-денс. Лунги-денс. Лунги-денс. Лунги-денс. Лунги-денс. Лунги-денс. Лунги-денс. Лунги-денс. Лунги-денс. Лунги-денс. Лунги. 

Осылай барлығын еліктірді. 

(Мақұлдаған дауыстар) 

Шынымен осылай болды. Сезгендеріңіздей, ешкім не болғанын түсінбеді, менен басқасы, бірақ маған бәрібір еді, өйткені бүкіл әлем және адамгершілік мен сияқты абыржыған және адасқандай еді. Бірақ мен берілмедім. Әлеуметтік желілерде өз тұлғамды жаңадан жасауға тырыстым, барлығы жасап жатқандай. Егер мен философиялық твиттер жарияласам, адамдар мен осы ойларға қосыламын деп ойлайды, бірақ алған кейбір жауаптарда маған түсініксіз күрделі акронимдар көп болды. Сізге ше?  ROFL, LOL. Менің твит-ойларыма біреу «Adidas» деп жазды, неге маған кроссовканың атауын жазды деп ойландым, «кроссовканың атауын неге жаздың?» мағынасында айтып тұрмын. 16 жасар қызымнан сұрағанда ол былай жауап берді. Қазір бұл «Күні бойы секс туралы ойлаймын» дегенді білдіреді. 

(Күлкі) 

Шынымен. Сіз мұны білетін бе едіңіз? Сондықтан Адидас мырзаға «WTF» деп жауап бердім, ойша кейбір акронимдердің мағынасының өзгермейтініне қуандым. WTF. 

Қазір осы жердеміз. Менің жасым 51-де, түсініксіз акронимдерге қарамастан, мынаны айтқым келеді, адамгершілікті көрсетуге қолайлы сәт қажет болса, бұл – осы сәт, өйткені қазіргі сіздер – батылсыздар. Қазіргі сіз – оптимистсіз. Қазіргі сіз – жаңашыл және өнертапқышсыз, оған қоса, қазіргі сіз ашуланғыш әрі-сәрі жағдайдағы адамсыз. Бұл сиқырда аяқталмаған шынайы өмір сәтінде осында келер алдында батылдықты сезініп мен өз жүзіме көз алмай қарағым келді. Мен өзіме қарап тұрып Мадам Тюссо музейіндегі балауыз мүсінге ұқсап бара жатқанымды түсіндім.

(Күлкі) 

Осыны ұғынған сәтте өзіме және адамгершілікке мына сұрақты қойдым: «Пластикалық операция жасауым керек пе?» Шынымен. Мен әртіспін, шығармашылықтың қазіргі көрінісімін. Менің туған жерім түсіндіруі қиын, бірақ қарапайым руханияттың бесігі. Өзінің шексіз жомарттығында Үндістан мына мені мұсылман және еркіндікті аңсаған күрескердің ұлын, армандарды сату бизнесіне кездейсоқ келген мені мелодрама патшасы «Бадшах Болливуд» жасады, бұрын соңды болмаған ең керемет көңілдес деді мені мына жүзіммен. Иә. 

Алма-кезек бетім көріксіз, кейде ерекше деп сипатталады, оған қоса аса шоколадты емес екен. 

Бұл ежелгі елдің тұрғындары мені шексіз махаббатына орады, мен олардан билік те, кедейлік те, өміріңді сиқырлырақ немесе қатал жасай алмайтынын ұқтым. Өз елімнің халқынан мен мынаны үйрендім: өмірдің абыройы, адамның, мәдениеттің, діннің, елдің абыройы негізінде өзіңнің мейірімділік пен аяушылық білдіру қабілетіңде. Сені алға жылжытатын, жасауға, құруға итермелейтін, құлаудан сақтандыратын, аман қалуға көмектесетін адамзатқа таныс ең көне және қарапайым күй — махаббат екенін түсіндім. Елімнің танымал ақыны былай дейді …

(Хинди тілінде өлең) 

(Өлеңнің соңы) 

Еркін аудармада бұл — иә, егер сіз хиндише білсеңіз, шапалақтаңыз. 

(Қол шапалақтау) 

Өлеңді еске сақтау оңай емес. Еркін аудармадағы мағынасы: кітаптардағы сіз оқитын бар білім сонан соң осы білімді басқаларға беруі керек, инновация, шығармашылық, ғылым арқылы, бірақ адамзат өзінің болашағын біле алмайды, ал білу үшін, жақынына деген махаббат пен аяушылық сезімімен ұштастыруы керек. «प्रेम» сөзіндегі екі жарым әріп «махаббат» дегенді білдіреді, егер сіз мұны түсінуге, өзіңізден өткізуге қабілетті болсаңыз, онда мұның өзі адамзат ағартушылығына жеткілікті. Сондықтан болашақтағы «сіз» махаббатқа толы болуыңыз керек. Басқаша болса өркендемейді. Ол өзімшілдіктен шыға алмай өледі. 

Сіз энергияңызды қабырға соғып адамдарды кіргізбеу үшін немесе бөгеттерді бұзып ішке кіргізуге жұмсауыңызға болады. Сіз өз сеніміңізді адамдарды қорқыту үшін, бағындыру үшін қолданып немесе оның көмегімен батыл болуға итермелеуіңізге болады, соның арқасында олар танымның жоғарғы шыңына шығады. Сіз өз энергияңызды ядролық қару жасап айналаны қараңғылық ойранына түсіруге жұмсай, не миллиондарға жарық сәулесін жеткізуге қолдана аласыз. Сіз мұхиттарды ластап, барлық ормандарды шауып тастай аласыз. Экологияны құрта аласыз немесе сүйіспеншілікпен қарап су мен ағашты қалпына келтіре аласыз. Марсқа ұшып барып, қарулы қамалдар соғуыңызға болады, не зерттеу және сыйлау үшін өмірдің жаңа түрі мен формаларын іздей аласыз. Сонымен бірге барлық ақшаңызды мәнсіз соғысқа құрта аласыз, балалардың қолына қару беріп бір-бірін өлтіртуге болады, не оның бәрін балалардың тамағына жұмсауға болады.

Елім мені мынаған үйретті, адамның сүйе білу қабілеті құдайға сыйынумен пара-пар. Махаббат дамуы шарықтап кеткен елдерде қанат жаяды. Соңғы 1-2 күнде керемет адамдар сахнаға шығып сөз сөйледі, олар жеке жетістіктері, инновация, технология, ғылым туралы айтты, осы жерде алып жатқан біліміміз TED дәрістерін тыңдап отырған бәріміз үшін болашақтағы «бізді» құрметтеу үшін жеткілікті. Бірақ бұл құрметтеуде махаббат пен аяушылық қабілетімізді жетілдіру талпынысымызда жауапкершілік алу, жауапкершілік алу, тең дәрежеде қажет. 

Мен болашақтағы «сізге» сенемін бұл шексіз сізсіз. Үндістанда бұл чакра деп аталады, шеңбер сияқты.  Ол басталған жерінде аяқталады. Уақыт пен кеңістікті әрбір адам өзінше қабылдайды, өзінің адам сенгісіз және фантастикалық маңыздылығын сезінеді, сонымен бірге, бүкіл әлем аясында өзінің мардымсыз екенін түсінеді. Негізіне қайтқан әрбір адам адамзаттың пәктігіне, жүрегінің түбінен шыққан махабатымен, ақиқаттың көзімен қарайтын арманы таза және адал болады. 

Болашағы «Сіз» қартайған жұлдыз сияқтысыз, толығымен өзімшіл әлемде, өзіне ғана ғашық болған әлемде мүмкіндік барына сенетін. Әлем – ол сізсіз, сіз әлемді жасайсыз ол сіздің ең жақын ғашығыңыз. Ханымдар мен мырзалар, осы «сіздің» болашағыңыз. 

Көп рақмет. Шукриа. 

(Қол шапалақтау) 

Шах Рукх Кхан «Адамгершілік, даңқ және махаббат туралы ойлар» тақырыбында сөйлеген сөзі сіздерге ұнап, ой салды деп сенеміз.

653
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *