Шелпек
Жұма сайын шелпек пісіру әдетке айналғандықтан бүгінгі атаулы күн — 16 қазан — Дүниежүзілік нан күнінде, шелпек пісіру жолдарын еске түсірейік.
Сізге керек:
Ұн
Сүт не су
Ашытқы
Тұз, қант қалауыңызша
Сұйық май — 3 ас қасық қамырға
сұйық май — қуыруға бөлек
Дайындау жолы:
Ұнға дайын ашытқы, тұз, қант, сұйық май, су не сүт құйып жақсылап илеңіз. Көтерілгенше 1-2 сағат қоя тұрыңыз. Көтерілген қамырды бөліктерге бөліп, домалақтап жайыңыз. Табаға май құйып қыздырыңыз, шелпекті қуырыңыз.
Ас болсын!
477