Шотландияға сапарым: 8-күн

Жұмыс толығымен басталып кетті: жаңа жұмыс орына орналасу, компьютер қосу, логин, кілтсөз алу, ішкі пошта торабына қосылу, жайлы кресло, ұжыммен танысу, жеке адамдармен жобалары туралы сөйлесу т.с.с. толып жатқан жұмыстар.

Сонымен бірге жоспар бойынша  The Scottish Learning Festival-ға баруымыз керек.

Осы фестиваль жылда осы уақытта болып тұрады екен. Мына жерге бағдарламасын салып қойдым slfconfprogramme2014_tcm4-830945 (осы сілтемені басып, жүктеп алуыңызға болады)

Қызыққандар жүктеп алып қарап шығыңыздар.

Ал мынау семинарларының бағдарламасы, бір сәтте он екі сессия болады Seminar_timetable_tcm4-832208 (осы сілтемені басып, жүктеп алуыңызға болады)

программа

Ұйымдастыру өте әдемі жасалған, әдемі дегенді дұрыс түсініңіздер: бәрі жоспармен, уақытымен, қызметкерлер, көмекшілер өз жұмыстарын тез және жауапкершілікпен орындап жүр. Бәрі орнымен, тәртіппен, түсінікті.

Ұйымдастырушыларға барып, компьютер арқылы тіркелдік, бірден бейджигімізді принтерден шығарып, қолымызға ұстатты, екінші жерде оның мойынға тағатын бауын берді, қыздардың қолдарында бір құрылғы бар екен, сонымен бейджиктегі штрихкодты сканерлеп алды. Яғни босқа шашылып жатқан нәрсе жоқ, әр берген нәрселері компьютер жүйесіне тіркеліп жатыр.

1 2

3 4 5

Менің айтып жүргенім осындай кітаптар ғой, яғни жазуға үйрету, жай жазуға емес, өлең жазуға, әңгіме жазуға, басқа да жанрларда жазуға үйрету. Мектептен бастап қолға алып, оқулықтар шығарып тастапты.

6 7 8

 

Глазго, Шотландия

сәрсенбі, 24.09.2014

376
Share

От bilimpaz

Один комментарий к “Шотландияға сапарым: 8-күн”

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *