Эйнштейн неге тілін шығарды?

Аты аңызға арналған Эйнштейннің тілін шығарып тұрған суретін бәріңіз көрген боларсыздар. Эйнштейн неге тілін шығарды? деген сұрақ сізді де қызықтырған болар? Солай ма?

Онда жауабын іздеп көрейік.

Аңыз бойынша, «Салыстырмалылық теориясының» авторы Альберт Эйнштейн 1951 жылдың 14 наурызында фотограф Артур Зассеге тілін көрсеткен.

Бұл күні данышпан физик өзінің туған күнін кеңінен атап өткен екен, ал кешке қатысқан фотографтар оны объективке қарап күлімсіреуін сұраумен қатты шаршатқан болатын.

Эйнштейн достарымен автомобильге отырған кезде, фотограф Сассе көліктің артқы есігіне басын сұғып: «Профессор, фото үшін жымиыңызшы!» — деп айқайлайды. Оған жауап ретінде атақты ғалым кадрға бетін тыржитып қана қойған екен. Зассе жұмыс істеген редакция бұл фотосуретті жарияламайды, ал ашуланған фотограф оны Эйнштейнің өзіне жібереді.

Ғалымға бұл фотоның ұнағаны сонша, ол Зассеге алғысын білдіріп, редакцияға телефон соғып, суретті жариялауды және авторға қаламақы төлеуді талап етеді.

Одан кейін Эйнштейн өзіне жеке пайдалану үшін 9 дана суретті басып шығаруды сұрайды, фотолардан жанындағы серіктерін кесіп алып тастап, қол қойып, “Бұл фото ишарат – бүкіл адамзатқа арналған” деген жазуы бар ашық хат ретінде таратып жіберген екен.

557
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *