Қазақ тілінде демалыс күні көруге болатын 3 әлемге әйгілі мультфильм

Жаһан көрерменінің көңілінен шыққан мультфильдердің көбін қазақ тілінде табу қиын, дегенмен жоқ деп те айта алмаймыз. Біз сіздер үшін youtub-ті шарлап әлемге әйгілі 3 мультфильмді қазақ тілінде таптық. Олар:

1. Аңдар шаһары (Зверополис)

2016 жылы шыққан бұл мультфильм барлық хайуандар бейбіт өмір сүретін шаһарда полицей қызметін атқаратын көңілкеш те жаужүрек Джуди Хоппс есімді көжек қыздың осы қаланы құтқару жолындағы шытырман оқиғасын айтып береді.

2. Пакахонтас

Бұл үнді көсемі Паухатанның қызы – табиғатпен үйлесімді өмір сүріп жүрген бекзат қыз Покахонтас туралы романтикалық хикая. Бір күні ол түсінде сүйіктісінің келе жатқаны туралы хабар алады. Түсі өңге айналып, алыс Еуропадан үлкен кемемен Жаңа әлемге алтын іздеп келген капитан Джон Смит пен Покахонтас бір-біріне ғашық болады, бірақ олардың жолында ақ келімсектер мен үндістердің араздығы тұрады.

3. Күлше қыз (Золушка)

Кұлше қыз туралы ертегіні білмейтін адам жоқ деуге болады. Бұл мультфильм 1950 жылы Дисней студиясында Уолт Диснейдің тікелей басқаруымен дайындалған классикалық мультфильмнің қазақшаға аудармасы.

933
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *