15 ұлы инвестордың ақылы

Инвесторлар көп, бірақ мына 15 ұлы инвестордың ақылы сіздерге де ой салады деп сенемін.

1. Уоррен Баффет, гуру-инвестор: «Баға –  сіз төлейтін нәрсе. Құн – сіз алатын нәрсе.  Акциялар немесе шұлық, не туралы айтатынымыз маңызды емес, мен сапалы тауарларды дұрыс бағаланбай тұрған кезде сатып алғанды жөн көремін».

2. Джордж Сорос: «Мен қай жерде қателескенімді білгендіктен ғана баймын. Қарапайым сөзбен айтқанда, өз қателіктерімді мойындай алғандықтан ғана аман қалдым»..

3. Дэвид Рубенштейн: «Табандылық танытыңыз – жауап ретінде «жоқ» сөзін таңдамаңыз. Егер сіз бір орында отырып, тәуекелге бармай, бақытты болсаңыз, сіз келесі 20 жыл бойы да сол орнында отырасыз».

4. Рэй Далио: «Өзінің және басқалардың  әлеуетін шынайы бағалауға деген ұмтылыс өз потенциалын пайдаланатын адамдарды басқалардан ерекшелендіреді».

5. Эдди Ламперт: «Инвестиция жасау кезінде алдын ала болжау маңызды. Жағдай айқын болғанша күтудің қажеті жоқ. Басқалар нақты жағдайда не істер еді деп ойлаңыз. Енді жаңа жағдай кезінде ары қарай не істеу керек екенін түйсінуіңіз керек».

6. Т.Бун Пикенс: «Мен жасыма жас қосқан сайын, қайда бару керектігін жақсырақ білемін. Егер сіз піл аулауға бара жатсаңыз, қояндар үшін жолдан бұрылмаңыз».

7. Чарли Мунгер: «Соңғы 15 шешімімізге қарасаңыз, орташа жетістіктерге жеткенімізді көресіз. Гипербелсенді болған жоқпыз, бірақ теңіздей шыдамдылық көрсеттік. Сіз өзіңіздің принциптеріңізге берік болып, мүмкіндіктеріңізді жіберіп алмай, оны барынша пайдалануға тырысыңыз».

8. Дэвид Теппер: «Бұл компания арзан сияқты көрінеді, ана компания да арзан сияқты, бірақ бүкіл экономика бәрін түбегейлі өзгертеді. Мұнда ең бастысы –  күте білу. Кейде бәрінен де қиыны – жай ғана ешнәрсе істемеу».

9. Бенджамин Грэм: «Жеке инвестор инвестор ретінде жүйелі жұмыс істеп, ал  алыпсатар ретінде тұрақсыз әрекет етуі керек. Бұл өзінің әрбір саудасы мен оған төлеген бағасын әділ бағалай білуі керек дегенді білдіреді. Бағалау объективті, дәлелді болуы керек және оның нәтижесі инвестор төлегеннен гөрі көп пайда көрді ме деген сұраққа жауап беруі керек».

10. Льюис Бэкон: «Егер сіз алыпсатар болсаңыз, онда сіз ретсіздік пен хаосты қабылдауыңыз керек».

11. Пол Тюдор Джонс: «Ең бастысы –  жағдайды бақылауда ұстау, ешқашан болжам жасамай, әрқашан сауда жасап, барыңды қорғау. Нәтижесінде қаржы мөлшері маңызды емес болады».

12. Брюс Ковнер: «Менің ойымша, енді бастаған трейдерлер қажет болғаннан 3-5 есе көп сауда жасайды. Жаңадан бастаушылар 5-10% тәуекелге барады, ал негізі пайыздық көрсеткіш тек 1-2% болуы керек».

13. Рене Ривкин: «Акцияларды сатып алғанда, өзіңізден «бүкіл компанияны сатып алар ма едім?» деп сұраңыз».

14. Питер Линч: «Менің ойымша, ең бастысы –  әрбір акцияның артында компания тұрғанын түсіну және акция құнының өсуінің артында бір ғана нақты себеп бар. Компания бизнесінің жағдайы нашардан жақсыға өзгереді, ал шағын компаниялар үлкееді».

15. Джон Темплтон: «Максималды пессимизм уақыты сауда жасау үшін ең қолайлы кез. Ал максималды оптимизм кезінде сату – ең жақсы шешім».

Дайындаған Бақытгүл Салыхова

391
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *