2-күн 25 минут 3-4-тарау

2-күн 25 минут кітап оқыдым. Томас Фостердің «Оқу өнері »

(нақтырақ айтсақ «Қалай профессор сияқты кітап оқуға болады?») кітабынның 3-4-тарауын қарастырайық. 

1. «Біз жейміз, бізді жейді … Вампирлер өмірінен» деп аталатын тарауда вампирді тек адам қанымен қоректенетін мақұлық ретінде ғана емес, басқа қырынан қарауға мүмкіндік береді. Жазушылар вампирлер мен қорқынышты кейіпкерлерді сипаттағада алдарына түрлі мақсат қояды. Кейбіреулері арзан сенсация іздеп, оған тақырыптық және символдық мән бермеуі де мүмкін. Бірақ кейбір кітаптарда жын, вампир, каннибал, суккуб образдары бір адам күш алып екінші адамның күшін әлсіреткенде пайда болатынын көреміз. Басқа адамды өз мақсатында қолдану, өз талаптарына қайшы келгендіктен, басқаның өмір сүруге деген құқығын қабылдамау, жақындарының қажеттілігн ескермей өз құмарлығын, құштарлығын қандай жолмен болса да жүзеге асыру, басқаның күшін сорып алу – осының бәрі вампирдің ісі.  Тура және ауыспалы мағынасында да осылай.

2. Мәтіннің формасы болады. Мысалы, бұл мәтіннің формасы – шаршы. Шаршы? Иә, бұл мәтінде 14 жол бар, ылғи бес бунақты ямбпен жазылған, көбінесе әр жолда он буыннан болады, кейде көбірек не азырақ болуы мүмкін. Ал осының бәрін жинақтасақ шаршы шығады, ағылшын тілі үшін осылай екеніне күмәнданбаңыз. Сонымен бұл қандай мәтін деп ойланып отырған боларсыз. Бұл – сонет. Ағылшын поэзиясының негізгі жанры сонет десек, оның бірнеше негізгі түрі мен көптеген вариациялары бар. Бірақ барлығы екі бөліктен тұрады: біріншісінде – сегіз жол, екіншісінде – алты жол.

3. Француз философы Блез Паскаль бір күні досынан кешірім сұрайды. Сөйтсе ол досына ұзын хат жазған екен. Сонда ол былай дейді: «Кешір, саған қысқа хат жазуға уақытым болмады.» Бұл нені білдіреді? Қысқа жазу үшін сізге өте көп уақыт керек. Жоғарыда сөз болған сонет – қысқа өлең. Сондықтан оны шығару үшін көп уақыт қажет. Өйткені сонетті бәрі мінсіз болуы керек. Ал ол үшін көп еңбектеніп, ойлану қажет.

құрметпен,

Бақытгүл Салыхова

29.06.2019

121
Share

от bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *