2 қаңтар Білім — еркіндік

Райан Холидей, Стивен Хансельман жазған «Күнделікті стоицизм» /Данышпандық, күш-жігер және өмір сүру өнері туралы 366 ойтолғау/ кітабынан аудармалар ұсынамын.

Бұл пікірлердің жемісі қандай? Нағыз білімді адамға тән ең әдемі және ең лайықтысы қандай болса, дәл сондай болуы керек: байсалды, ержүрек батыл, еркін. Бұл жерде, әйтеуір, еркін болғанда ғана білім алуға болады дейтін тобырға емес, тек қана білім алған адам ғана еркін болады дейтін философтарға сену керек.

Эпиктет. Сұхбат. 2.1.21-23a

Cіз осы кітапты неге қолыңызға алдыңыз? Жалпы кез-келген кітапты не үшін қолға алу керек? Ақылдырақ болып көріну үшін емес, ұшақта ішіңіз пыспау үшін емес, естігіңіз келген нәрсені есту үшін емес мұның барлығы үшін бұдан да қарапайым тәсілдердің жиынтығы бар.

Сіз қолыңызға бұл кітапты өмір сүруді үйреніп жатқан соң алдыңыз. Өйткені сіз еркін болғыңыз келеді, қорқыныш азырақ болып және жаныңыз жайланып, рахаттанғанын қалайсыз. Білімді тек қана білім үшін алмайды, сол сияқты кемеңгер ойшылдардың даналығын оқу мен ойтолғау тек қана оқу мен ойлану үшін жүргізілмейді. Бұл әрекеттердің мақсаты бар.

Осы туралы кітап оқу немесе философияны зерттеуден гөрі, теледидарға немесе тамаққа жиі үзіліс жасап кеткенде және бұл уақытты жағымды өткізудің керемет сәті сияқты көрінгенде еске алыңыз. Білім, әсіресе өзіңді тану бұл еркіндік.

Аударма жасаған: Бақытгүл Салыхова (02.01.2022 жыл)

167
Share

от bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *