2014 жылға арналған гранттар: Австрия

2014 жылға арналған гранттар туралы жаза бастайық. Іздеген адам басқа елдерде білім алуға, машықтану курстарын өтуге арналған гранттар мен стипендиялар өте көп таба алады. Тек өзіңіздің мамандығыңыз бен қызығушылығыңызға сай келсе болғаны.

Австрия Республикасының Қоры   (Scholarship Foundation of the Republic of Austria) шетел студенттерін стипендиялар байқауына қатысуға шақырады. Қатысушылар дипломдық, магистрлік және докторлық (PhD) деңгейде зерттеу жобаларын жүргізу бойынша қатыса алады.

Жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік, гуманитарлық пәндер бойынша барлығы жүз шақты стипендия бөлінеді деп күтілуде. Стипендияны кез-келген  австриялық  университетте оқу үшін алуға болады.

Машықтану (стажировка) уақытының ұзақтығы төрт айға дейін.

Қатысушылардың жасына қойылатын шектеулер: байқауға  1974 жылдың 1 наурызына дейін туылған аспиранттар  қатыса алады (өтініштер қабылдау аяқталған  кезде жасы  40-тан аспауы керек ); өтініш берушілердің басқа категориялары үшін (магистратура студенттері және т.б.) де жас шектеулері қойылған,  олардың жасы   35-тен аспауы керек,  яғни  1979 жылдың 1 наурызына дейін туылған ізденушілер қатыса алады. 

Бағадарламаға қатысуға байланысты өтініштер онлайн 2014 жылдың 1  наурызына дейін қабылданады. 

Толығырақ  scholarships.at сайтынан оқи аласыздар.

333
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *