2021 жылдың 100 ең керемет өнертабысы

2021 жылдың 100 ең керемет өнертабысы туралы және толық тізімді TIME сайтынан көре аласыздар.

Жыл аяқталмаса да түрлі қорытындылар жасала бастап, жарияланып жатыр. Дәстүрге сәйкес TIME 2021 жылдың 100 ең керемет өнертабысы туралы жинақтап жазды. Бұл тізімге өмірімізді жеңілдететін түрлі құрылғылар, технологиялар және қызмет түрлері енді. Тізімде түрлі бағыт ипен салалар жинақталған, біз сіздерге солардың бірнешеуін ғана ұсынып тырмыз.

Қолжетімді және ыңғайлы

  • OrCam Read — кітап, мәзір, брошюра, тіпті гаджет экранындағы мәтінге жақындатсаңыз дыбыстап беретін жинақы құрылғы. Оны лазер таяқша сияқты мәтінге жақындатып, дыбыстау батырмасын бассаңыз болғаны. Бұл гаджет көзі нашар көретін, дислексия немесе басқа да қиындықтары бар адамдарға пайдасы тиеді. Енді осындай құрылғынығң қазақ тіліндегі нұсқасы қашан шығады деген сұрақ мені қызықтырады?

Қосымшалар мен бағдарламалық қамтамасыз ету

  • Neeva — Googleдің бұрынғы қызметкерлері ұсынған жаңа іздеу жүйесі. Оның негізгі ерекшелігі — бірде бір жарнама жоқ және жеке өмірге қатысты мәселелердің болмауы. Сервис жаңалықтар көздері мен пайдаланушы сенетін сатушыларды ескере отырып іздеуді реттеуге мүмкіндік береді.
  • Google Maps Live View — смартфонның камерасы арқылы маршрутты тікелей көруге мүмкіндік беретін Google Maps мүмкіндігі. Ол 2019 жылы іске қосылды, бірақ екі жылдан кейін ғана шынымен пайдалы болып отыр. Ірі қалаларда Live View арқылы енді дүкен мен мейрамханада адамдардың көп не аз жүргенін, соңғы шолулар мен фотосуреттер көруге мүмкіндік бар.

Коммуникация

  • BuzzBell — бұл смартфонның дыбыссыз режимін елемейтін хабар алмасу және қоңырау шалу қосымшасы. Тек қана кез келген жағдайда сізге хабарласа алатын контактілерді көрсетуіңіз керек. Сондай-ақ хабарландырулардың түрлеріне сәйкес келетін түрлі сигналдарды таңдап, сақтап қоя аласыз.

Тұрмыстық электроника

  • Samsung Galaxy Z Flip3 — таныстыруды қажет етпейтін жиналмалы смартфон.
  • Nuratrue — жекелендірілген Nura дыбыс технологиясы бар ауқымды TWS құлаққабы. Ол пайдаланушының есту қабілетіне негізделген жеке дыбыс профилін жасайды. Процесс автоматты түрде 60 секундта орындалады, содан кейін икемді баптау мүмкіндігін ұсынады.
  • JLab JBuds Frames — кез келген көзілдіріктің құлағына бекітуге болатын ультра ықшам сымсыз динамиктер. Олар сіздің құлағыңызды жаппайды және айналадағы дыбыс пен музыканы бір уақытта естуге мүмкіндік береді. Аксессуар қайта зарядталмай 8 сағатқа дейін жұмыс істейді. Смартфонға қосылу үшін Bluetooth пайдаланылады.

Дизайн

  • Clove Sneakers — дәрігерлер, медбикелер және көбінесе тұрып жұмыс істейтін адамдарға арналған берік, ыңғайлы, жеңіл кроссовка. Аяқкиім Clarino жапон жасанды терісінен жасалған, химия және басқа да сұйықтар әсер ете алмайды.

  • Lenovo ThinkBook Plus Gen 2 — екі экраны бар ерекше ноутбук. Негізгі 13,3-дюйм экранынан басқа, сыртқы дисплейі бар. Сыртқы дисплей арқылы көзге зиян келтірмей кітап оқуға және жазу жазуға болады.

Фитнес

  • Tonal — қабырғаға ілінетін цифрлық дисплейі және таразы жүйесі бар тренажёр. Экранды бірнеше рет түрту арқылы жүктемені өзгертуге болады — тренажер залындағы сияқты ауыр ешнәрсені сүйреудің немесе көтеріп әкелудің қажеті жоқ. Сонымен қатар, Tonal жаттығуларыңызды үнемі бақылап отырады және жеке жаттықтырушыңыз сияқты өнімділігіңізге қарай өзгертеді.

Тамақ пен сусын

  • SAVRpak — пластырь, яғни азық-түлікті тасымалдау кезінде суланбай, жаңа піскендей күйде ұстау үшін пластикадан жасалған тағам контейнерлеріне, пицца қораптарына және қағаз пакеттерге жапсырылатын пластырь. Ол ыстық тағамнан бөлінген булардан пайда болатын барлық конденсатты сіңіріп, оны құрғақ және қытырлақ күйде сақтайды.

Медициналық көмек

  • COVID-19 Вакцинасы — соңғы жыл оңай болған жоқ, дегенмен коронавирустан қорғайтын вакцина ауыр сырқатты, сондай-ақ ауруханаға жатқызу және өлім-жітім жағдайларын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді. Жағдай ауыр болса да, вакциналар пандемияны ертерек жеңуге үміт береді.

2021 жылдың 100 ең керемет өнертабысының толық тізімімен TIME сайтында танысыңыздар.

745
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *