3 қаңтар: Маңызы жоқ нәрселерге рақымсыз болыңыз

Райан Холидей, Стивен Хансельман жазған «Күнделікті стоицизм» /Данышпандық, күш-жігер және өмір сүру өнері туралы 366 ойтолғау/ кітабынан аудармалар ұсынамын.

3 қаңтар: Маңызы жоқ нәрселерге рақымсыз болыңыз

Сонда сен бейтаныс адамдар өміріңнің көп бөлігін бөлшектерге бөліп, талан-таражға салғанын көресің, ал сен болсаң тіпті нені жоғалтып жатқаныңды да түсінбегенсің ғой. Бос реніш, ессіз қуаныштар, ашкөз ұмтылыстар, алдамшы-сыпайы әңгімелер қаншама уақытыңды алғанын есіңе түсірші. Ал саған өзіңнен елеусіз аз ғана бөлік қалғанын көресің. Санап шықшы, содан кейін жүз жасыңда мерзіміңнен бұрын о дүниеге аттанып бара жатқаныңды түсінесің.

Сенека. Өмірдің өткінші екені туралы. 3.3 b

Өмірдегі ең үлкен қиыншылықтардың бірі – «жоқ» деген сөзді айту. Әсіресе барлығы келісетін шақырулардан, өтініштерден, міндеттерден бас тарту. Мысалы, ашу, қобалжу, уайымдау, әуестену, нәпсі сияқты, уақытты алатын эмоциялар мен тілектерге «жоқ» деп айту одан да қиын.

Жеке-жеке алып қарасақ бұл ниеттердің бірде-біреуі салмақты болып сезілмейді, бірақ бақылаусыз қалса, олар да басқалары сияқты міндеттерге айналады.  

Егер сіз сақ болмасаңыз, дәл осындай мазалағыш ойлар өміріңізді ойран етеді. Сіз уақытты өзіңізге қалай қайтаруға, өзіңізді шамадан тыс жұмысбасты сезінбеуге болатыны туралы ойланып көрдіңіз бе?

Бірінші қадам, «Жоқ!» сөзінің күшін зерттеуден бастаңыз. Мысалы, «Жоқ, рақмет!», «Жоқ, мен бұған араласқым келмейді.», «Жоқ, қазір менің қолым бос емес.», «Жоқ, қазір менің уақытым жоқ.» деген сияқты сөйлемдерді айтыңыз. Әрине, бұл басқалардың сезіміне әсер етуі, тіпті оларды жаралауы мүмкін. Кейбір адамдарды сізден алыстатуы мүмкін.

Бұл әрекет сізден қажырлы еңбекті талап етуі де мүмкін. Бірақ сіз маңызы жоқ нәрселерге жиі «жоқ» деп айта бастағанда, маңызы бар нәрселерге соншалықты жиі «Иә» деп айта аласыз. Осының өзі сізге өзіңіз таңдаған бағытта өмір сүруге және өмірден ләззат алуға мүмкіндік береді.

Аударма жасаған: Бақытгүл Салыхова (03.01.2022 жыл)

723
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *