Қазақфильмнің тәрбиелік мәні бар 3 керемет мультфильмі

Қазақфильм студиясы өзінің көркем фильмдерін Youtube-тен еркін көруге болатыны туралы жариялағанына көп уақыт болды. Алайда осы студияның мультфильмдері де Қазақфильмнің ресми арнасында бар екенін көпшілік білмейтін сияқты. Оған дәлел анимациялық фильмдерді көру мөлшері өте аз екен.

Біз студия арнасының мультфильмдер жиынтығын қарап тәрбиелік мәні бар және қазірдің өзінде де көруге қызық 3 мультфильмді таңдадық.

Көзілдірікті қоян

Режиссері – Е.Әбдрахманов, 1980 жылы түсірілген.

Бұл мультфильмде кездейсоқ көзілдірік тауып алған қоянның шытырман оқиғасы суреттеледі. Көзілдірік оның өмірін қалай өзгертті? Достары оны неден құтқарғысы келді? Бұл оқиғаға пілдің қандай қатысы бар? Қызық болса мына сілтемеден балаларыңызбен бірге көріп алыңыз.

«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»

Режиссері Әмен Қайдаров, 1967 жылы түсірілген

Қазақстанның ең танымал мультфильмдерінің бірі. Қарлығаштың адам өмірін қалай құтқарғаны туралы халық ертегісінің  негізінде қазақ анимациясының негізін салушы –  Әмен Қайдаровтың салған суреттері бойынша жасалған бұл туынды 1968 жылы Ленинград (қазіргі Санкт-Петербор) қаласында өткен Бүкілодақтық кинофестивальде, 1975 жылы Нью-Йорк қаласында өткен Халықаралық мультипликациялық фильмдер фестивалінде жүлделер алды. Бұл тәрбиелік маңызы зор мультфильм 48 елдің экранында көрсетілген.

«Мақтаншақ қыз»

Режиссерлері: Қуат Қоңыркұлжаев, Юлия Тхай, Рамиль Усманов, 2012 ж. түсірілген

Мақтаншақтық жақсылыққа әкеле ме? Қолыңнан ештеңе келмесе жайдан-жай мақтана беруге бола ма? Мақтаншақ Бибігүлдің тұрмысқа шығу арманы орындала ма жоқ па екенін білгіңіз келсе, осы мультфильмді көріңіз. Әзілі мен тәрбиелік мәні керемет туындыны белгілі әртістер дыбыстаған. Мысалы, Бибігүлдің анасының дауысын Лидия Кәден тамаша келтірген. Балалармен көруге болатын, бірақ үлкендерге де ой салатын осы мультфильмді мына сілтемеден көріңіздер:

Дайындаған Бақытжан Салихов

1242
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *