Ларри Пейдж

Ларри Пейдж – америкалық бағдарламашы және интернет-кәсіпкер, Google компаниясының тең құрылтайшысы және оның негізгі іздеу алгоритмі PageRank-ті ойлап тапқан адам, Google-дің бас компаниясы Alphabet-тің бас директоры.

Пейдж іздеу жүйесінің идеясын Стэнфордтағы аспирантурада оқып жүргенде ойлап тапқан. Ол өз диссертациясының тақырыбын таңдағанда ғаламтордың математикалық қасиеттері мен сілтемелердің құрылымын зерттеуге тоқталуды жөн көрді. Пейдждің зерттеу жұмысына көп ұзамай оның университеттегі досы Сергей Брин қосылды,  олар бірігіп кейіннен Google деп аталған іздеу жүйесін жасап шығарды.

Алдымен жүйе университеттің порталында жұмыс істеді, содан кейін достар google.com домендік атауын тіркеді, ал 1998 жылы  Google компаниясын ашты. Пейдж бас директор, ал Брин компанияның президенті болды. Бар болғаны 6 жылдан кейін, компания биржаға шыққан кезде, Брин де, Пейдж де миллиардерлерге айналды.

2002 жылы Пейдж бен Брин MIT Technology Review таңдауы бойынша 35 жасқа дейінгі әлемдегі үздік 100 новатордың қатарына енді. 2004 жылы олар Маркони қорының инженерия саласындағы ең жоғары сыйлығын алды және осы  қор атынан Колумбия университетінің стипендиаттары ретінде таңдалды.

2009 жылы Forbes Брин мен Пейджді әлемдегі ең ықпалды адамдардың тізіміне қосып, оларға бесінші орынды берді. Соған қоса осы жылы Ларри өзі бітірген Мичиган университетінің диплом беру салтанатында сөз сөйледі. Ол өзінің сөзінде өмірінің басты ісі – Google-ді ойлап табу туралы айтты.

Google төрт рет Fortune журналының таңдауына сай АҚШ-тың ең үздік жұмыс берушісі атанды. Пейдж мұны мақтан тұтып, компанияны қызметкерлер үшін одан да тартымды етуге тырысады.

«Қоғам барлық адамдардың толық жұмыс күні бойы жұмыс істегенін қаламайды», дейді ол. Пейдж «адамға бақытты болу үшін қажет – үй, қауіпсіздік сезімі, балаларға арналған мүмкіндіктер – мұның бәрін қазірдің өзінде аптасына 80 сағат жұмыс жасамай-ақ қамтамасыз етуге болады» деп санайды.

Ларри Пейдждің TED2014 конференциясында Чарли Роузға берген сұхбаты:

Дайындаған Бақытжан Салихов

416
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *