Райан Холидей, Стивен Хансельман жазған «Күнделікті стоицизм» /Данышпандық, күш-жігер және өмір сүру өнері туралы 366 ойтолғау/ кітабынан аудармалар ұсынамын.

6 қаңтар: Қайда, кім, не және неге?

Дүниенің не екенін білмеген, өзінің де қайда екенін білмейді. Ал не үшін бұл дүниеге келгенін білмеген, өзінің кім екенін де, дүниенің не екенін де білмейді. Ал егер кімде-кім мұның біреуін де ескермесе, ол да өзінің не үшін туғанын айта алмайды. Ол онда мынаны айтыңызшы, мақтау шуына ілесетіндер не қашатындар өзінің кім және қайда екенін білмейтіндермен салыстырғанда сіздің көзіңізге кім болып көрінеді?

Марк Аврелий. Ойтолғау. 8.52

Марқұм әзілкеш Митч Хедберг бір сөзінде қызық оқиғаны айтып берді. Тікелей сұхбат кезінде радиобағдарлама жүргізушісі одан «Сіз кімсіз?» деп сұрады. Сол кезде ол ойланып: бұл жігіт соншалықты терең бе, әлде мен басқа радиостанцияға тап болдым ба?

Қаншалықты жиі бізге «Сіз кімсіз?», «Немен айналысасыз?» немесе «Сіз қайдансыз?» дегендей қарапайым сұрақтар қояды? Мұндай сұрақтарды үстірт деп есептеп (тіпті бұл туралы ойлануға да күш салмай), біз оған сондай жеңіл жауаптар береміз. Бірақ басына мылтық тақаса да, көпшілік мұндай сұрақтарға мәнді жауап беруге қабілетсіз.

Ал сіз ше? Сіз өзіңіздің кім және қандай екеніңізді анықтауға уақыт таптыңыз ба? Әлде сіз маңызды еместің артынан қуамын деп, сыртқы жағымсыз әсерлерге еліктеп, көңіліңізді қалдыратын, қанағаттандырмайтын немесе жоқ жолдармен жүретіндей  тым жұмысбастысыз ба?

Аударма жасаған: Бақытгүл Салыхова (06.01.2022 жыл)

477
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *