Райан Холидей, Стивен Хансельман жазған «Күнделікті стоицизм» /Данышпандық, күш-жігер және өмір сүру өнері туралы 366 ойтолғау/ кітабынан аудармалар ұсынамын.

8 қаңтар: Құмарлықтарымызға қарап

Біз игілік ретінде үйреніп қалған  нәрселердің көпшілігін құрбан етуге тура келеді. Басымызды қатерге төндіруге дайын болуымызды білдіретін батылдық жойылады, тобыр ең ұлы деп санаған нәрсені немқұрайлықпен  мәнсіз екенін көрсеткенде ғана көтерілуі мүмкін тектілік құрбан болады…

Сенека. Луцилияға жазылған адамгершілік хаттары. 74.12 b-13

Біз зиянсыз деп ойлаған кейбір нәрселер, шын мәнінде, толыққанды тәуелділікке айналуы мүмкін. Біз таңертең кофе ішеміз және онсыз күнімізді бастай алмаймыз. Біз жұмысымыздың бір бөлігі ретінде электронды поштаны тексереміз және әр секунд сайын қалтамыздағы телефонның дірілін сезінеміз. Бұл, бір қарағанда, зиянсыз әдеттер өмірімізді тез билей бастағанын сезбей де қалдық.

Ұсақ қалаулар мен бейімділіктер біздің еркіндігіміз бен тәуелсіздігімізді шектеп қана қоймайды, сонымен қатар ойлау мен санамыздың ашықтығын да бұлдыратуы мүмкін.

Біз бәрі бақылауда деп ойлаймыз, бірақ бұл шынымен солай ма? Мәселелері бар бір адам айтқандай, тәуелділік дегеніміз «өзіңді шектеу бостандығынан айырылу». Ендеше сол еркіндікті, бостандықты өзімізге қайтарайық.

Тәуелділік әртүрлі болуы мүмкін. Газды сусын? Есірткі? Арыздар? Өсектер? Интернет? Тырнағыңызды тістеу әдеті? Бірақ сізге өзіңізді шектеу қабілетін қайтару керек, өйткені дәл сол қабілет сізге ойыңыздың анық болуы мен өзіңізді бақылау мүмкіндігін береді.

Аударма жасаған: Бақытгүл Салыхова (08.01.2022 жыл)

595
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *