Ағылшын тілін  үйренушілерге 

» Ағылшын тілін  үйренушілерге арналған сайттар туралы 5-6 жол ойыңызды жазып беріңізші» деп  бір ініміз хабарласқан болатын. Бұл тақырыпқа ондай қысқа жаза алмайтынымды айтып, төменде айтылғандарды жазып берген болатынмын. Ол «Тіл үйренуге көмекші сайттар» тықырыбында  «Маман пікірі» деп  басылды.

Дегенмен » Ағылшын тілін  үйренушілерге» арналған кеңестерді қайта басып отырмын, осындай қазақ тілін үйренушілерге арналған ресурстардың көбеюіне септігін тигізер деген ойдамын. Ең болмаса ойымызға ой қосып, тап сондай жасамасақ та, сапалы, қызық, пайдалы мәліметтерге толы сайттардың жасалуына септігін тигізер.

«Ағылшын тілін  үйренушілерге арналған кеңестер өте көп, интернетте іздесеңіз толып жатқан сайттар мен ресурстардан аяқ алып жүре алмайсыз. Дегенмен олар қаншалықты пайдалы, сапасы жоғары ма, тиімді ме деген сұрақтар көпшілікті мазалайтыны сөзсіз.

Сондықтан сіздерге өзіме ұнайтын, өзім қолданатын бір-екі ресурсты айтып өтейін.

›  Бірінші орында ВВС-дің ағылшын тілін үйрететін ресурстары тұр: http://www.bbc.co.uk/worldservice/learningenglish/

1

Бұл жерде қажет нәрсенің бәрін таба аласыз, бірақ ол тілді үйренуді енді бастаған адамдарға арналмаған. Кем дегенде бастауыш деңгейді меңгерген болуыңыз керек. Бұл ресурсты ағылшын тілінен сабақ беретін мұғалімдер өз жұмысында қолданса өте жақсы көмекші құрал болады деп есептеймін.

Барлық материалдардың аудио және электронды нұсқалары бар, өз бетінше оқитындар электронды нұсқасы мен тыңдалымды қатар алып жаттықса да жақсы нәтиже береді. Сонымен қатар материалдарды өз компьютеріңізге жүктеп алуға болады. Сонан соң қалаған уақытыңызда, қалаған жеріңізде оқып, тыңдап жаттыға беруіңізге болады.

Мұғалімдерге арналған бөлігінде сіз сабақ жоспарларын, қосымша материалдарды жүктеп алып күнделікті жұмысыңызда жоспарыңызға сәйкес қолдана аласыз.

Ағылшын тілімен қатар басқа да тілдерді оқығыңыз келсе, онда http://www.bbc.co.uk/languages/ көмекке келеді. Бұл ресурс сізге француз, неміс, грек, италиян, испан, қытай тілдерімен қоса тағы да 33 тілді үйренуге мүмкіндік береді.

2

Мен тек француз тілінің сабақтарын тыңдап көргендіктен, басқаларының сапасы туралы ешнәрсе айта алмаймын. Егер француз тілін таңдасаңыз бастауыш деңгейден бастап жаттығуға мүмкіндік беретін түрлі аудио, видео материалдар бар.

Келесі ресурс: http://www.livemocha.com деп аталады. Бұл ресурс тілді өз бетімен оқығысы келетіндерге таптырмайтын мүмкіншілік деп ойлаймын. Бірақ ең бастысы сіздің өзіңізге деген сеніміңіз мықты болуы керек, сонымен қатар бастаған істі орта жолда тастап кетпей, аяғына дейін барлық сабақтарды өтіп шықсаңыз нәтижеге қол жеткізетініңіз сөзсіз.

Әр сабақ төменде көрсетілген бөліктерден тұрады:

3

Әр бөлікті қалдырмай толық орындап шығу шарт (әрине ешкім міндеттемейді, бірақ нәтижеге жетемін десеңіз бәрін орындау керек). Әр бөлікті орындағаннан кейін нәтижеңізді көрсетеді және қандай қате жібергеніңізді де көруіңізге болады. Бір сабақты толық орындағаннан кейін осы сабақты неше пайызға орындағаныңыздың нәтижесін көрсетеді. Сабақ барысында сіз жазба жұмыстарын орындайсыз және берілген тапсырманың аудиосын да жаза аласыз, сонан соң орындалған тапсырмаларды бағалау үшін достарыңыызға немесе осы тілді үйрете аламын, кеңес бере аламын деген кез келген адамға хабар бере аласыз. Олар сізге өз пікірін жазып жібереді.

Сайттың мүмкіншіліктері өте көп, тіркеліп тіл үйреніп жатсаңыздар сіздерге ұнайды деп ойлаймын.

Қорыта айтсам: менің айтарым маған дейін айтып кеткен білімді де танымал адамдардың айтқандарынан еш айырмашылығы жоқ: оқы, тыңда, қайтала, жаз, сөйле, тағы да оқы, қайтала т.с.с.

Сөзімді белгілі аудармашы Като Ломбтың «Мен тілдерді қалай үйренемін» атты  кітабында жазылған оймен аяқтасам: «Шет тілі қамал сияқты, оны бір сәтте жан-жақтан шабуыл жасау арқылы ғана ала аласың: газет оқы, радио тыңда, көркем фильм көр, шет тілінде дәрістер тыңда, оқулықпен жұмыс істе, хат алмас, тіл білетін адамдармен кездес, әңгімелес т.с.с.»

558
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *