Қызылордадағы семинар: Үшінші күн
Үшінші күніміздің жұмысы да басталды.
Бүгінгі күннің басты мақсаты видео түсіру, онлайн тапсырмалар жасау, мобильді оқыту, түрлі қосымшалардың мүмкіндіктері т.с.с. мәселелердің төңірінде өтіп жатыр.
Бүгін жасалған тапсырмаларды тамашалай отырыңыздар:
544
Семинардың үшінші күнгі түсіндірме жұмыстары өте қызықты болды. Мұнда онлайн тапсырмалар орындап, онлайн тест жұмыстарын жасап, мобильді телефонның қызметін пайдалану мүмкіндіктерін, т.б. бағдарламалардың мүмкіндіктерін пайдаландық. Жалпы семинардың өтілу барысы ұстаздар қауымына берері мол. Осы семинар-тренингтен кейін ұстаздардың сабақ барысы жаңашаланып, яғни, жаңа технологияларды сабақ барысында пайдала отырып өткізуіне жаңаша ойлар туындайды деген сенімдемін.
Салықова Бақытгүл ханымның жүргізіп жатқан семинар-тренингі жоғары деңгейде өті п жатыр. Қызылорда қаласының төрінен орын алған Назарбаев Зияткерлік Мектебінің білікті де білімді ұстаздар қауымы өз білімдерін шыңдай түсуде. Бұл семинар-тренингте біздер түрлі қызықты да пайдалы сайттармен танысып, олардың оқу мен оқыту үдерісін жақсарта түсетін алуан түрлі бағдарламаларын қолдануды үйрену үстіндеміз. Осындай семинар-тренингтер алдағы уақытта да өз жалғасын таба берсін деген тілегім бар.
Rakhmet. Sizderge ynaganina quanishtimin. Birlesip zhymis istei bereiik. Sizderge sattilik tileimin.
Семинар жоғары деңгейде өтті. Қатысқанымызға еш өкінбейміз. Оқыту процесіне қажетті барлық сайттарды, технологияларды білдік. Келешекте тағы да осындай жаңа медия, технологияларға байланысты семинарлар жиі әрі ұзағынан ұйымдастырылса екен. Ойламаған, бірақ тез қолдана алатын мүмкіндіктерді біліп алғанымызға қуаныштымыз. Осындай мүмкіндіктерді игере алған мұғалім, нағыз жаңа форматтағы ұстаз бола алатынына сенемін. Тренерімізге ерінбей үйреткеніне шексіз алғысымызды білдіреміз.