Лайфхак деген не?

Соңғы кездері жиі еститін сөзіңіз болар. Тіпті айналаңызда түрлі лайфхактар қаптап кетті ме? Кейбіреулер оның не екенін де білмей, сөзді орынды, орынсыз қолдана да беретін болар.

Ал ол бар болғаны «Life hack», яғни «өмірді жеңілдететін кеңестер» дегенді білдіреді. Бұл термин ІТ саласында 1980 жылдары қалыптасты. Алғашында, негізінен, компьютермен байланысты мәселелерді шешуге көмектесті.

2004 жылы компьютер технологиялары туралы жазатын Дэнни о’Брайен деген британ журналисі конференцияда сөз сөйледі. Тақырыбы «Life Hacks – Tech Secrets of Overprolific Alpha Geeks». Содан кейін танымал сөзге айналды.


2005 жылы лайфхак сөзі интернеттегі ең танымал сөздер тізімінде екінші болып тұрды.

Ал бірінші сөз қай сөз болғанын білесіз бе? Сол 2005 жылы «подкаст» сөзі бірінші тұрды.

Ал 2011 жылы лайфхак сөзі «Оксфорд сөздігінің» онлайн парақшасына енгізілді.

Ал қазақ тілі сөздігіне енгізіле ме екен, қалай ойлайсыздар?


Жауабыңызды күтемін.

Құрметпен,

Бақытгүл Салыхова

1169
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *