Асқабақ қосылған маффин
Сізге қажет:
- 3 ас қасық қаймақ
- 1 жұмыртқа
- 100 гр асқабақ
- 3 ас қасық сұйық май
- 150 гр ұн
- жарты ш.қ. қопсытқыш (разрыхлитель)
- 3 ас қасық қант
- 2 ас қасық кокос талшығы
Дайындау жолы
Қаймақ + жұмыртқа + сұйық май бәрін қосып, араластырыңыз.
Бөлек ыдыста ұн + разрыхлитель + қант араластырып алыңыз. Оның үстіне бірінші қоспаны қосыңыз, араластырыңыз.
Асқабақты үккіштен өткізіп, кокос талшығымен қоса қамырға қосып жіберіңіз. Формаларға құйып, 180С ыстық пеште 30 минуттай пісіріңіз.
Өте дәмді! Ас болсын!
Дайындаған https://aspazdik.wordpress.com/
454