Мың жыл бұрын ойлап табылса да, қазіргі кезде де қолданылатын ғылым мен техниканың 5 жетістігі

Қазіргі заманда адамзат сансыз өнертабыс пен технологиялардың нәтижелерін қолдануда. Олардың кейбіреуі жақын арада ойлап табылса, кейбіреулеріне бірнеше ғасыр, тіпті мыңжылдықтар да толған болуы мүмкін. Ғылым мен техниканың кейбір жетістіктерінің көне дәуірде табылғанын біле отырып, біз кейде олардың қаншама ежелгі екеніне мән бермейміз. Бүгін біз мың жылдан бұрын ойлап табылған, алайда қазіргі күнде де қолданыстағы 5 өнертабастың тізімін ұсынайық.

1. Пластикалық хирургия

Сенуге қиын болса да, қазіргі кезде кең қолданылатын пластикалық операциялар шамамен екі жарым мың жыл бұрын пайда болған. Іс жүзінде «пластикалық» термині хирургияның осы түрінің контекстінде гректің plastikos сөзінен шыққан, ол «форма» дегенді білдіреді. Бізге жеткен пластикалық хирургияның алғашқы құжатталған дәлелі біздің дәуірімізге дейінгі 600 жылдармен белгіленген,  онда үнді хирургі Сушрута кесілген мұрынды қалпына келтіру бойынша ұсыныстар берген екен. Бұл таңғажайып болып көрінгенімен, ринопластика операциясы ежелгі дәуірде де кеңінен таралған екен, ол кезде анестезия ретінде бас айналдыратын меңдуана сияқты өсімдіктерді пайдаланған.

2. Жартылай автоматты арбалет

Біздің көпшілігіміз үшін қарудың бұл түрі көне дәуір емес, кейінірек, ортағасырлық кезеңмен байланысты сияқты болып көрінеді. Негізінде олардың алғашқы прототиптерін жауынгерлер екі мың жыл бұрын қолданған екен. Қытай жерінде Чу мемлекеті болған кезде (б.з.д. 475 ж. б.з.д. 221 ж. аралығында) болтты бекітпесі бар көп жебелі арбалет ойлап табылған. Оны тұт ағашынан жасап, қауырсынсыз жебелермен ататын болған. Уақыт өте келе, басқа елдерде осы түрдегі қару-жарақтар жасалып, жаңғыртылғанына қарамастан, Қытай осы ежелгі нұсқаның үлкен жанкүйері болып қала берді. Сондықтан мұндай арбалеттер 19 ғасырдағы ихэтуаньдардың (“боксшылар”) көтерілісіне дейін белсенді түрде қолданылған.

3. Мұнайды терең бұрғылау

«Қара алтынның» тарихына қызығушылық танытқан кез келген адам Америкада 1859 жылы Пенсильванияда алғашқы мұнай ұңғымасы бұрғыланғанын біледі. Технологияның өзі де салыстырмалы түрде жаңа сияқты болып көрінеді. Алайда оның алғашқы түрі біздің эрамыздың 327 жылдары Қытайда тіркелген. Әділдік үшін айта кету керек, бүгінде бұл тереңдік өте қарапайым болып көрінеді — шамамен 240 метр, бірақ ол заманда бұл зор жетістік болған.

Ол заманда бұрғылау қондырғысының негізгі материалы ретінде қарапайым бамбук тіректері алынып, олар ши ю («тас майы») жинау үшін қолданылды. Табиғи газ да осылай өндірілген, бұл туралы тіпті Конфуций де жазып кеткен екен.

4. Микроскоп

Микроскопты кім ойлап тапқаны туралы пікірталастар әлі де жалғасуда.

Алайда, бүгінгі күні бұл құрылғының пайда болуының ең ежелгі нұсқасы ретінде біздің дәуірімізге дейінгі 2000 жылдармен белгіленген мәліметтерді қарастыруда. Ол дәуірде майда заттарды сумен толтырылған түтік арқылы зерттеген екен, және де судың мөлшерін өзгерту арқылы үлкейтіп көрсету мүмкіндігі реттелген.  Сыртқы тұрпайылығына қарамастан, бізге жеткен мәліметтер мұндай микроскоп затты 150 есе үлкейтуге қабілетті деп мәлімдейді.

5. Дамаск болаты

Болат қорытудың осы бірегей технологиясы өте ежелгі деп танылған еді, бірақ соңғы зерттеулер көрсеткендей, дамаск болат қылышы алғаш рет ойлағаннан да әлдеқайда ертерек соғылған екен. Еуропада Дамаск болатымен тек XI ғасырда Таяу Шығыс жауынгерлерімен қақтығыстан кейін ғана танысқан болса, оны қолдану туралы алғашқы мәліметтер одан алты ғасыр бұрын пайда болған. Сонымен қатар оны өндірудің құпиясы, болаттың соншалықты берік болуының себептерін өткен ғасырдың басына дейін дерлік ешкім білмеді. Бүгінгі күні ғалымдар болаттың беріктігінің себебі көміртекті нанотүтіктерде деп сенімді түрде айта алады, бірақ болатты алғашқы болып қолданған өнертапқыштар олар туралы тіптен де білмеді.

Дайындаған Бақытжан Салихов

509
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *