Нассим Талеб

Нассим Талеб –  америкалық экономист, философ, жазушы және трейдер (құнды қағаздар саудагері). Ол кездейсоқ және болжанбайтын оқиғалардың әлемдік экономикаға әсерін, сондай-ақ туынды қаржы құралдарымен сауда жасау механизмдерін зерттейді. «Антисынғыштық» (орысша атауы “Антихрупкость”), «Қара аққу» (“Черный лебедь”), «Кездейсоқтыққа алданып қалғандар» (“Одураченные случайностью”) сияқты бірқатар бестселлер кітаптардың авторы. Ол Федор Достоевский шығармаларының жанкүйері.

Талеб өзін «эмпирикалық скептик» деп атайды және ғалымдар түсіндіруге келмейтін кездейсоқтықтардың –  өзі оларды «қара аққулар» деп атайды –  әр түрлі үрдістерге әсерін жете бағаламайтынына сенімді. Ол сондай-ақ «антисынғыштық» ұғымын енгізді, яғни, бұл «сәтсіздіктерден сабақ алу, аласапыран заман жағдайында күшейіп, шыңдалу қабілетін» білдіреді.

Талеб сонымен қатар психология, эволюция теориясы, ойын теориясы, мінез-құлық экономикасы, нейро- және когнитивті ғылымдар мен жасанды интеллекттің соңғы даму бағыттарында қолданылатын әдістердің ғылыми дәлелдерін қалай тексеру керектігі туралы мәселені шешеді. Ол тәжірибелі маркетологтар, технологтар мен кәсіпкерлер ғылымның атын жамылған мифтерді белсенді түрде пайдаланып жатқанына сенімді және мұны тексерудің 3 әдісін ұсынады. Өз жазбаларының бірінде Талеб білім беру жүйесі антика кезіне, оқушы университетке емес, белгілі бір ұстазға тікелей оқуға барғанға оралады деп санайды.

Дайындаған Бақытжан Салихов

395
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *