Халықаралық қар барысы күні
Бүгін Халықаралық қар барысы күні 23 қазанда атап өтіледі.
Ілбіс — мысық тұқымдастардың ең беймәлі өкілінің бірі. 1997 жылы барыс еліміздің ұлттық символына айналды. «Алтын Емел» ұлттық табиғи паркінде, Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығында, Сайрем-Өгем ұлттық паркінде фотоқақпан арқылы суретке түсіріп алған.
Қар барысы Қызыл кітапқа енген: ересектерінің жалпы саны 4 мың мен 7,5 мың аралығында. Егер көпшілік болып браконьерлерді тоқтатып, олардың табиғи тіршілік ортасын сақтамаса 2040 жылға қарай популяциясы 10 %-ға азаюы мүмкін.
Қазақстан билігі БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесіп барысты сақтап қалуға тырысып жатыр: оларды және қоректену базасын бақылау үшін арнайы жабдық сатып алынған, далада зерттеу жүргізіледі және жергілікті халықпен жұмыс істейді.