Халықаралық мектеп кітапханалары күні

Бұл күн әр жыл сайын өзгеріп отырып, түрлі күнге түседі. Биыл, 2021 жылы бұл күн 25 қазанда атап өтіліп жатыр.

Халықаралық мектеп кітапханасы күні (International School Library Day)  көптеген елдерде ЮНЕСКО бастамасымен 1999 жылдан бері жыл сайын қазанның төртінші дүйсенбісінде атап өтіледі. Жыл сайын бұл мереке белгілі бір тақырыпқа арналады.

Оны алғаш рет Халықаралық кітапханашылар қауымдастығының (International Association of School Librarianship,IASL) президенті Бланш Вуллз жариялады. 2005 жылы мерекенің ресми мәртебесін осы ұйымның жаңа президенті Питер Дженко растады.

2008 жылы бұл шара жаңа деңгейге көтерілді –  жобаның үйлестірушісі Рик Малхолланд Халықаралық мектеп кітапханаларының күнін халықаралық айлыққа айналдыратынын мәлімдеді. Сол жылдың қазан айында «Сауат ашу және оқу – сіздің мектеп  кітапханаңызда» ұранымен бірінші Халықаралық мектеп кітапханаларының (International School Library Month) айлығы өтті.

Бүгін мектебіңіздің кітапханашысын құттықтап қоюды ұмытпаңыз!

430
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *